Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан кезекті лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді. Аталған сынға Қазақстан атынан үш спортшы қатысады деп хабарлайды Olympic.kz.
Нақтылап айтар болсақ, Нариман Курбанов, Милад Карими және Ербол Жантықов Доха төрінде бақ сынайды.
Гимнастикалық ат: Нариман Курбанов, Милад Карими
Қол тіреп секіру: Милад Карими, Ербол Жантықов
Гимнастикалық қоссырық: Ербол Жантықов, Милад Карими
Гимнастикалық керме: Милад Карими, Ербол Жантықов
Қазақстандық спортшылар Бакуде өткен әлем кубогі кезеңінде финалда бақ сынап, Нариман Курбанов 4-ші, Милад Карими 7-ші орын иеленген болатын.
Ұлттық құраманың бас бапкері - Александр Ким.