• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Наурыз, 2019

Қарағандының теміржол вокзалы жабылады

1671 рет
көрсетілді

Кеншілер астанасындағы темір жол вокзалы 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жабылады. Себеп – қазір мұнда жөндеу және құрылыс  жұмыстары жүріп жатыр.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында күрделі жөндеуге байланысты керуен сарай ғимаратының оң жақ бөлігі жабылған болатын. Енді жаңа терминал құрылысы басталған соң, вокзал толық жабылып, ондағы билет кассаларының бәрі көрші тұрған автовокзал ғимаратына көшірілді.

Жөндеу және құрылыс жұмыстарын осы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды