Бұл туралы Қазақстанның электр энергиясы мен көмірінің 2019 жылғы қаңтардағы нарығы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ әзірлеген талдамалық есепте айтылады.
Алматы облысындағы Кербұлақ 1 – 4,5 МВт ЖЭС және Кербұлақ 2 – 4,5 МВт ЖЭС (жел электр стансалары); Қарағанды облысындағы «Гүлшат» КПМ Дельта – 40 МВт КЭС (күн электр стансасы); Маңғыстау облысындағы Жел энерготехнологиясы – 52,8 МВт ЖЭС (жел электр стансасы); Қарағанды облысындағы «Құрма» агрофирмасының 1,3 МВт Биогаз қондырғысы орнатылған. Республикадағы жұмыс істеп тұрған ЖЭК нысандарының саны 72-ге жетіп, жиынтық қуаттылығы 634 МВт-ты құрады (СЭС – 200,25 МВт; ЖЭС – 183,25 МВт; КЭС – 249 МВт; биогаз қондырғысы – 1,65 МВт). «Самұрық-Энерго» АҚ-ның ЖЭК нысандары (шағын СЭС-тер, ЖЭС, КЭС) 2019 жылғы қаңтарда 26 млн кВтсағат электр энергиясын өндірді, бұл ЖЭК нысандары өндірген электр энергиясының жалпы көлемінің 27,5% -тін құрайды.
Тұтас алғанда, Жүйелік оператордың деректері бойынша, ҚР электр стансалары 2019 жылғы қаңтарда 9 944,4 млн кВт сағат электр энергиясын өндірген. 2019 жылғы қаңтарда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда электр энергиясын өндіру Түркістан облысында айтарлықтай өскен (өсім 20% және одан астам). Дегенмен, электр энергиясын өндіру Алматы, Жамбыл, Қостанай және Павлодар облыстарында төмендеген (5%-тен астам).
Гүлбаршын САБАЕВА,
«Еqemen Qazaqstan
АЛМАТЫ