• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
25 Тамыз, 2012

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

219 рет
көрсетілді

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

Сенбі, 25 тамыз 2012 5:54

Брейвикке үкім шықты

Осло қаласының округтік соты  норвегиялық терроршы Андерс Брейвикке қатысты оның ақыл-есі бүтін деген шешім шығарды.

 

Сенбі, 25 тамыз 2012 5:54

Брейвикке үкім шықты

Осло қаласының округтік соты  норвегиялық терроршы Андерс Брейвикке қатысты оның ақыл-есі бүтін деген шешім шығарды.

Істі қарау ашық режімде өтуде және теледидар арқылы бүкіл әлемге таратылуда. Судья Венке Арнцен үкімнің қорытынды бө­лігін кешіктірместен хабарлаған. Сөйтіп, сот отырысының алғашқы минутында-ақ Брейвикті 21 жылға бас бос­тан­дығынан айыру жөніндегі сот шешімі мәлім етілген. Бұл ең төменгі мерзім. Егер сот қылмыскер қоғамға қауіп төн­діреді деп шешсе мерзімнің ұзартылуы да әбден мүмкін. Брейвиктің өзі сот үкімін күлімдеп тұрып тыңдаған кө­рі­неді.

Келіссөздердің жаңа раунды өтпек

Венада Иран мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арасындағы келіссөздердің жаңа раунды өтеді.

Ол кездесудің негізгі тақырыбы Иран Ислам Респуб­ликасының ядролық бағдарламасы болмақ. Иранның МАГАТЭ жанындағы тұрақты өкілі Әли Асгар Солтаниенің айтуынша, Иранның МАГАТЭ-мен келіссөздердің жаңа раундын өткізуге келісуі Тегеранның халықаралық қоғам­дастықпен қызметтестігінің деңгейін және орын алған проблеманы реттеуге деген талпынысын көрсетеді.

Қырғыз үкіметі отставкаға кетті

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев үкіметті толық құрамда отставкаға жіберетін жарлыққа қол қойды.

Президент мұндай жарлыққа пар­ла­менттік басымдықтағы коалиция­ның ыдырап кетуіне бай­ланысты қол қойды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС Қыр­ғызстан президенті аппаратынан шық­қан ақпаратқа сіл­теме жасай отырып. Енді президент парламенттік бес фракцияның біріне жаңа коалиция құру үшін мандат беруге тиіс. Айта кету керек, Қырғызстан парламентіндегі коалиция 2010 жылғы сайлаудың қоры­тындысы бойынша құрылған болатын.

«Тәртіпті нығайту» науқаны жүруде

Солтүстік Кореяда қазіргі уақытта кәсіпорындарда, оқу орындарында, тұрғылықты жер бойынша комитеттерде жаппай жиналыстар өтуде.

Жиналысқа қатысушыларға партия мен арнайы қызмет өкілдері бізге сендердің қайсыларыңның тыйым салынған бейнетаспаларды қарайтындарың жақсы мәлім. Дегенмен өз кінәларыңды мойындауға мүмкіндік беріледі. Егер өз істегендеріңді қағазға жазып берсеңдер бәлкім, сендерге кешірім болуы мүмкін деген ескерту жасайды екен. Бұл жиналыстар Солтүстік Кореяда жүріп жатқан «тәртіпті нығайту» науқанының бір бөлігі болып табылатын көрі­неді.

Әлемдегі ең ықпалды әйел кім?

ГФР канцлері Ангела Меркель мен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон планетадағы ең ықпалды әйелдердің жыл сайынғы тізімінің басына шықты.

Америкалық «Форбс» журналы жасаған тізім бойынша үшінші орында Бразилия президенті Дилма Руссеф тұр. Бұл тізімге сол сияқты АҚШ-тың бірінші ханшайымы Мишель Обама мен Ұлыбритания королевасы Елизавета ІІ де енген. Олар тиісінше 7-інші және 26-шы орындарды иеленіп отыр. Осы рейтингтен Билл Гейтстің зайыбы Мелинда Гейтс пен «Үнді ұлттық конгресі» партиясының лидері Соня Ганди де орын алған көрінеді.

Билік ереуілшілермен келісімге келді

Тәжікстандағы Таулы Бадахшанның әкімшілік орталығы – Хорог қаласында санкцияланбаған митингіге қатысушылар қаладан әскерді шығарса ереуілді тоқтататындарын хабарлаған.

Мұндай уағдаластыққа үкімет күштері штабы бас­шы­лығының наразылық білдірушілермен жүргізген келіс­сөздері барысында қол жеткен көрінеді. Өкімет сонымен бірге ықпалды дала командирлерінің бірі Имомназар Имо­м­­назаровтың қаза табуына байланысты қозғалған істі мұ­қият тергеу жөнінде де уәде беріп отыр. Айта кету керек, билік Имомназаровқа мемлекеттік қауіпсіздік қыз­метінің генералын өлтіруге қатысы бар деген айып таққан болатын.

Солдат естелігі жарық көрмек

Dutton  баспасының мәліметтеріне қарағанда, Усама бен Ладеннің көзін жоюға қатысқан америкалық десантшы әлі де құпия саналатын операция туралы есеп жазған көрінеді.

«Вашингтон пост» газетінің хабарлауынша, ол есеп алдағы айда жарияланбақ. Егер жазылғандар шындық болса, ол кітап Пәкстанның Абботтабад қаласындағы бен Ла­ден­нің жасырынған жеріне рейд жасаған «теңіз итба­лық­тары» командасының мүшелері ұстанған құпияны бұзған болып шығады. Ресми адамдар автордың да, баспа­гер­лер­дің де орталық барлау басқармасының қорғаныс депар­та­мен­тін кітап мазмұнымен алдын-ала таныстырмағанын айт­қан. Кітап «Ауыр күн: бен Ладенді жою жөніндегі мис­сияға қатысушының есебі» деп аталады екен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.