• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2012

Шарайна

297 рет
көрсетілді

Шарайна

Сейсенбі, 28 тамыз 2012 7:18

Жанжалды еңсерудің жолы қайсы?

 Сирия астанасы – Дамаск қаласына Иран делегациясы келді. Ирандықделегация өкілдерімен кездесу барысында Сирия президенті БашарАсад шетелдік арандатушыларды мақсаттарына жеткізбеу үшін кезкелген қадамға баратынын атап көрсетті.

 

Сейсенбі, 28 тамыз 2012 7:18

Жанжалды еңсерудің жолы қайсы?

 Сирия астанасы – Дамаск қаласына Иран делегациясы келді. Ирандықделегация өкілдерімен кездесу барысында Сирия президенті БашарАсад шетелдік арандатушыларды мақсаттарына жеткізбеу үшін кезкелген қадамға баратынын атап көрсетті.

Сирия халқы шетелдік арандату­шы­ларды жеңетініне еш күмән жоқ, деді тағы бір сөзінде Б.Асад. Оның сөзіне қарағанда, жалғасып келе жатқан қарсы тұрушылықтың бүкіл Таяу Шығысқа тікелей қатысы бар, ал Сирия шетелдік арандатушылардың ортасында қалып қойып отыр. Құқық қорғау ұйымда­ры­ның деректеріне сүйенсек, Сириядағы жанжал басталғалы бері 24 мыңнан астам адам көз жұмған.

 

Еуропа көмегінің бір бөлігін алады

Испания елдегі банктерді құтқару үшін Брюссель бөлетін болыпотырған 100 миллиард еуроның шамамен 60 миллиардын осы мақсатқапайдалану ниетінде. Бұл жөнінде Испания қаржы министрі Луис деГиндос мәлімдеді.

Ол сондай-ақ егер Еуропа орталық банкі Испания үшін облигациялар бойынша мөлшерлемелердің құнын түсіруге көмектесетін болса, онда өз елі мем­лекеттік шығындарды төмендету бойынша міндеттерді орындауға қол жеткізе алатынын айтты. Жалпы, қазіргі кезде Испаниядағы экономикалық жағдай ауыр күйінде қалып отыр. Бұл ел бүгінде рецессияға ұшыраса, оның мемлекеттік қарызы күрт өсу үстінде.

 

Дауылдың салдарынан кейінге шегерілді

27-30 тамыз аралығында АҚШ-тың Флорида шта­тындағы Тампақаласында өтуі тиіс болатын Республикашылар партиясының съезітропикалық «Исаак» теңіз дауылының салдарынан кейінге шегерілді. Сөйтіп, партия іс-шаралары бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Съезде делегаттар Митт Ромниді АҚШ президенттігіне Рес­пуб­ликашылар партиясынан кандидат ретінде ұсынатын­дықтарын жариялауы тиіс болатын. Флорида штатының губернаторы Рик Скотт жақындап келе жатқан тропикалық дауыл салдарынан съезд басталмай тұрып-ақ оның жұмысына қатыса алмайтынын хабарлаған-тын. Кеше ол аталған штатта төтенше жағдай жариялады.

 

Қысқа қайырып айтқанда:

  Германия канцлері Ангела Меркель Грекия премьер-министрі АнтонисСамараспен кездесуі кезінде Грекияның Еуроодақ елдері үшін маңызды елекенін атап көрсетті. Сондықтан ЕО Грекияны дағдарыс құрсауынанбосату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын болады.

  Қырғызстанда жаңа парламенттік коалиция жасақтаумен елпрезидентінің Социал-демократиялық партиясының фракциясыайналысатын болды. Бұл туралы шешімді республика президентіАлмазбек Атамбаев мәлімдеді.

  Екатеринбургтегі муниципалды қызметтер жақында басынан төменқарай көк сыр құйылған Ресейдің алғашқы президенті Борис Ельцингеорнатылған ескерткішке бұрынғы реңк бере алмады. Өйткені, сыр-бояуескерткішке тереңдеп сіңіп кетіпті.

  Қырғызстан Белоруссияға тағынан тайдырылған президентҚұрманбек Бакиевтің бауыры – Жаныш Бакиевті тұтқынға алыпқайтарып беру туралы өтінішін тыңдамағаны үшін ренжулі. Осығанорай Бішкек Минскідегі елшісін консультация өткізу үшін керішақырып алды.

  Венесуэлада мұнай өңдейтін зауыт жарылды. Апат салдарынан қазатапқандар саны, алдын ала есеп бойынша, 34 адам делініп отыр. Елпрезиденті Уго Чавес, қауіпсіздік қызметінің ескерту­леріне қарамастан, апат ошағына баратынын жария етті.

 

Айыптауға лайықты жауап қайтарды

Қырғызстан парламентінің депутаты, ішкі істер экс-министрі Болот Шер премьер-министрдің міндетін атқарушы Омурбек Бабановқа екі оқ салынған конверт аттандырды. Парламентші өзін тонаушы-талаушы деген айыптауға осылайша жауап қайтарды.

Әңгіме болып отырған айыптауларды билеуші партиялардың бірі, көшбасшысы жақында отставкаға жіберілген премьер Бабанов (жаңа үкімет жасақталғанша ол үкімет басшысының міндетін атқарушы болып жұмысын жалғастырады) болып табылатын «Республика» партиясының өкілдері таратқан еді. «Республика» фрак­­циясының парламенттік мәжілісінде соңғы төңкеріс кезінде тонаушылардың бейнесюжеті көрсетілген екен. Сонда Болот Шердің де аты аталыпты.

 

Альянс нұсқаушыларын атып өлтірді

Кеше НАТО елдерінің мамандары басшылығымен әскери оқу дайындығынан өтіп жатқан ауғандық әскери қыз­меткер автоматтан өз нұсқаушыларына оқ жаудырып, олардың екеуін атып өлтірген. Басқа НАТО-лық солдаттар мен офицерлер қарсы оқ атып, шабуылдаушыны да жер жастандырған.

Оқиға Ауғанстанның шығысындағы Лагман провинциясында тіркелген. Өлтірілген шетелдік нұсқаушылардың қай ұлтқа жататыны және басқа да деректері туралы ештеңе айтылмайды. Осымен бір мезгілде Гельменд провинциясында талибтер 17 адамның басын алған. Оқиға еркегі мен әйелі аралас топ көңіл көтеріп жатқан жерде орын алса керек.

 

Қадыров шекара орнатуға шақырды

Чешенстан басшысы Рамзан Қадыров Чешенстан мен Ингушетия арасында нақты әкімшілік шекара орнату қажеттігін атап көрсетті. Біз ешқашан жүргізбеген, ешқашан қызығушылық танытпаған шекара сызығы күн санап, ай санап Чешен Республикасының ішіне қарай жылжып келеді, деп мәлімдеді Р.Қадыров.

Оның сөзіне қарағанда, әңгіме бұл жерде «Чешенстанның жаңа аумақтарын басып алу» туралы болып отыр. Бауырлас халықтар белгілі бір қасіреттерді бастарынан кешірді, дейді ол. Өткір проблемаларды айналып өтіп, шекара бізді бөлмеуі тиіс деген көзқарас таныттық. Бірақ бізді дұрыс түсінбеген секілді. Бұған қоса Қадыров: «Егер кімде-кім адамша түсінбейтін болса, онда біз қалжыңдауға жол бермейміз», дегенді айтқан.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.