• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Қыркүйек, 2012

Елшілікке шабуыл – қатерлі қадам

430 рет
көрсетілді

Елшілікке шабуыл – қатерлі қадам

Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:00

Мұсылман елдерінде АҚШ елшіліктеріне шабуыл ойламаған ауқымдаөршіп бара жатыр. Ливияда басталған бұл әрекет қазір Африка, Азиядаөріс алғаны өз алдына, тіпті Еуропаны қойып, басқа дінді Австралияғадейін жетті. Барлық жерде АҚШ-ты айыптаған ұран, ғимараттарды қирату,полициямен қақтығыс. Ең жаманы – адам құрбандығы да орын алып отыр.

 

Жұма, 21 қыркүйек 2012 7:00

Мұсылман елдерінде АҚШ елшіліктеріне шабуыл ойламаған ауқымдаөршіп бара жатыр. Ливияда басталған бұл әрекет қазір Африка, Азиядаөріс алғаны өз алдына, тіпті Еуропаны қойып, басқа дінді Австралияғадейін жетті. Барлық жерде АҚШ-ты айыптаған ұран, ғимараттарды қирату,полициямен қақтығыс. Ең жаманы – адам құрбандығы да орын алып отыр.

Мұның өзі өткен жылғы «араб революцияларын» еске түсіреді. Он­да Тунисте басталған көтеріліс іле-шала басқа елдерге ауысқан. Бұл жолы Ливияның Бенгази қала­сында басталған елшілікке шабуыл келесі күні Египеттің, Йеменнің астаналарында жалғасты да, көп кешікпей бүкіл араб дүниесін шарпыды.

Бенгазидегі әрекеттен төрт америкалық дипломат қаза тапса, он ливиялық мерт болды. Елші­лік­ке шабуыл жасағандардың біразы ұсталды, жазаланды. Бұл басқа­лар­ға сабақ болады деген үміт ақтал­мады, қайта басқа жердегілердің белсенділігін күшейткендей, олар­дың қатарын көбейтті.

Мұсылман елдеріндегі АҚШ-қа қарсылық әрекеттері бұл елде «Мұсылман пәктігі» деген фильм­нің Интернетте көрсетілуінен бас­талған. Онда мұсылмандардың се­німін-сезімін қорлайтын жайлар бар екен. Енді сол фильмді кім жасады дегенде де әртүрлі пікір бар. Рейтер агенттігі әуелде Флорида штатында тұратын пастор Терри Джонс қаржыландырыпты десе, кейін оны жасаған порнорежиссер Роберт Браунелл деген сөз шықты. Ал идеясын берген Сэм Бэсил деген көрінеді. Қалай дегенде де, бұл фильмнің үкімет тапсырысымен жасалмағаны анық. Содан да үкіметті айыптау қиындау.

Бұл жерде біз әсте де АҚШ-қа ара түсіп, оны ақтайық деген ойдан аулақпыз. Бұл елде әр адамның өз пікірі барлығы конституциямен қор­­­­ғалса да, қазіргі күнде ислам әле­мін­де дінге көзқарастың қандай еке­нін олар ұмытпауға тиіс еді. Бұған дейін Данияда Мұхаммед пайғам­бар­­ға қатысты карика­тура­ның жария­ланып, Ауғанстанда Құ­ран кө­шір­месінің өртелуі қандай шу ту­дыр­­ғанын олар біледі. Білген соң да, өз азаматтарының келеңсіз әре­кет­терін айыптап, бұл оқиғаға өкі­ніш біл­ді­ріп жатса, бүгінгі аласапыран былай­ша етек ала қоймас еді-ау дейсің.

Енді елшіліктерге шабуылға келсек, бұл ашып айтсақ, құптай қоятын қадам емес. Дінімізді құр­меттеуіміз керек, оның жолы қы­рып-жою, басқаларға тиісу, бүлді­ру болмаса керек. Мынау бүгінгі заманда елдердің, мемлекеттердің ара-қатынастарын айқындайтын әлемдік нұсқалар бар. Оны өрке­ниетті ел сақтауға тиіс. Сондай нұс­қаның бір көрінісі – елшілік­тер­дің қорғалуы, оған тиісуге бол­май­тындығы. Ол талапты сақтай алма­саң, елдігіңе сын. Тіпті саяси қыл­мыскер де кез келген елшіліктен баспана таба алады. Елшілік – басқалар басып кіре алмайтын жер.

Бұл әрекеттердің сипатынан АҚШ-пен байланысты үзу талабын аңғарасың. Одан араб елдері не ұта­ды? Ұтар ма екен? Мәселе сонда.

Ал қазақта «Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан» деген сөз бар. Елшілік – елдер арасындағы алтын көпір. Еліңде басқа елдердің елшілігі аз болса, еліңнің беделінің төмендігі, керісі­н­ше, көп болса – еліңе абырой. Ел­шіліктер ел мен елді жақын­дас­ты­ру жолында игілікті миссия атқа­ра­ды. Енді сол қастерлі міндет атқа­рып жатқандарға тиісудің жөні бар ма? Мұндай жосықсыз әрекеттер орын алған елге басқалар елші­ле­рін жіберерде ойланады. Бұл елдермен байланыстарын шектейді. Бұдан ұтылатын сол елдер.

Қорытындысында айтатын та­ғы бір өкінішті жәйт – Фран­ция­ның журналында да Мұхаммед пай­ғамбар келемежге айналдырылды. Күні кеше, қасақана. Мұсыл­ман­дарға сендер не істей аласың­дар деген сипатта. Басылым қыз­мет­кері тіпті шімірікпестен Карл Марксті де келемеждеуге болады. Сонда Мұхаммедті неге болмасқа дегендей сыңайда сөйледі. Шынында да сөз, баспасөз бостан­ды­ғын желеу етіп, ауа жайылуға, ойы­ңа не келсе, соны істеуге, ақыр соңында мұсылмандардың діни сезімін мазаққа айналдыруға кім құқық беріпті. Мұның нағыз арандатушылық қадам екені күмән туғызбайды.

Бірақ бұл проблеманы, жоға­ры­да айтып кеткеніміздей, өркениет жолымен шешуге ұмтылыс танытылуы керек. Және қайта­ланбай­тын­дай деңгейде. Гәп соның жолын таба білуде екені де анық.

 

Адалдыққа жүгінсе, ағайын ала болмайды

Ағайын елдер – Ресей мен Болгария арасында әжептәуір дау туып отыр.Ресейлік «Атомстройэкспорт» компаниясы Болгариядан салына бастағанАЭС-тен бас тартқаны үшін 1 миллиард еуро талап етіп еді, өз кезегіндеболгарлар өз жерінен «Оңтүстік ағыс» газ құбырын салуға ойланатынынбілдірді.

«Сен сөйтсең, мен бүйтемін» деген сөз. Ал адалдық, әділдік не дейді? Бұл сұраққа дұрыс жауап берсе, ешқандай дау-дамайға жол жоқ. Екі ел арасында саясат саудасы бола қоймас еді, ағайын арасы ажырай қоймас еді-ау дейсің. Ал олар бір-біріне шарт қояды, оның кейбірін негізді дей алмайсың. Содан да өкпе туады.

Болгарияда «Белене» АЭС-і осыдан отыз жылдай бұрын КСРО күйремей тұрғанда салына баста­ған. КСРО кіші ағайыны Болга­рия­ға оны салып беріп үлгермеді. Оның мұрагері Ресейдің өзінің басына да күн туып, құрылыс кейінге қалды­рыла берді. 2006 жылы жаңа келі­сім жасалды. Бірақ іс мандымады. 2009 жылы үкімет басына Бойко Бо­рисов келген соң, құрылыс іс жү­зінде тоқ­тады. Бұрын оған Мәс­кеу құлық­сыз­дық көрсетсе, енді Со­фия одан бас тарта бастады. Жа­­пониядағы апаттан кейін Болгария АЭС салудан ресми түрде бас тартты.

Бүгінге дейін біраз жұмыс жүр­гізілген. Ресей Болгариядан ақы­сын төле дейді. Алғашында 200 миллион еуро сұрады. Содан кейін халықаралық сот арқылы 58 миллион еуро өндіріп алмақ болды. Ен­ді 1 миллиард еуро талап етіп отыр. Құрылыс өз алдына, Болга­рияның тапсырысымен АЭС-ке қажет біраз құрал-жабдық та жа­садық дейді. Болгария оны төле­мей­міз, егер ай­қайлай берсеңдер, «Оңтүстік ағыс­тан» бас тартамыз дейді.

«Оңтүстік ағыс» мәселесі осылай туған. Украинамен сөзі жарас­па­ған Ресей өз газын Еуропаға Бол­гария аумағы арқылы шығару үшін «Оңтүстік ағыс» газ құбырын салмақ еді. Оның үстіне газ бол­гарлардың өздеріне де керек. Соған қарамай, Мәскеуді мәжбүрлеу үшін құбырды салдырмау мүмкіндігін айтты. Бұған Кремльдің жауабы: онда құбырды Румыния арқылы жүргізбек. Солай бола қалған күн­де Болгария ұтылады. Бірақ олар Мәскеудің бопсасын аңғарып отыр. Айтса да, құбырды Румыния арқы­лы жүргізу қауіпсіз де емес. Молдавия, нақтырақ айтқанда, Приднестровье мәселесі әркез алдан шы­ғуы мүмкін. Екі елдің арасы қиын­дап кетсе, құбырға қауіп туады. Ресей ондай тәуекелге бармаса керек.

Осынау саясат ойынында аға­йын екі елдің қайсысы ұтады дегенде, бі­реуін атау қиын. Қазіргі дау-дамай­да екеуі де ұтылса керек. Өйткені, олар бірін-бірі мәжбүр­легісі келеді. Адал ақ көңілдің орнына екінші жақты ыңғайсыз жағ­дай­да қалдыру ниеті бар. Бұл аға­йындарға ғана емес, әріптес­тік­ке де жараспайды.

Жалпы, Ресейдің көрші елдермен, оны ішінде этностық, рухани тұрғыдағы жақын елдермен де қа­рым-қатынасы әркез күрделі. Саяси тұрғыда да, экономикалық тұр­ғы­да да үнемі келіспей жатады. Әзірге дауласпай, тіл табысып жүр­ген біздің еліміз. Біреулер оны Ресейдің ыңғайына жығылу десе, екіншілер парасаттылық санайды. Бәлкім, олардың дегенімен жүру емес, өзіміздің есемізді күні бұрын өлшеп білу де шығар.

Мамадияр ЖАҚЫП,

«Егемен Қазақстан».