• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Хоккей 22 Наурыз, 2019

ҚХЛ: «Барыс» ұтылды, «Авангард» келесі кезеңге өтті

1009 рет
көрсетілді

Астананың «Барысы» үшін Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыс аяқталды.

Қос команданың арасындағы бұған дейінгі ойындардың есебі 3:1 еді. Алда ­– «Авангард». Сол себепті де Астанада өткен кездесуде жерлестеріміз жеңіске жетуге тиіс еді. Алғашқыда біздің жігіттер бәсекені қарқынды бастады. Бірінші кезеңнің ортасы мен екінші кезеңнің басында Меттью Фэттин екі гол соғып, «Барыс Аренаға» жиналған 10 320 көрерменді қуантты.

Алайда одан кейін астаналықтар білгендерінен жаңылды. Қонақтар «қаһарына мінді». 24 пен 45 минуттар аралығында «Авангард» қатарынан бес шайба соғып, қазақстандық жанкүйерлердің жеңіске жетсек деген үкілі үмітімізді үзді. Бұл голдардың авторлары ­– Никита Пивцакин, Кирилл Петров, Тэйлор Бек, Сергей Широко және Максим Чудинов. Осы матчтағы соңғы голды «Барыстың» ойыншысы Никита Михайлис соқты. Есеп ­– 3:5.

Осылайша, «Барыс» Гагарин кубогы жолындағы жарысты екінші кезеңде аяқтады, Ал «Авангард» жартылай финалға жолдама алды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»