• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Наурыз, 2019

Қытайдағы химиялық зауытта жарылыс болып, 47 адам қаза тапқан

1017 рет
көрсетілді

Қытайдың шығысындағы химия зауытында болған жарылыстың құрбандарының саны 47 адамға жеткен. Тағы 90 адам ауыр жарақат алған.

Жарылыс жергілікті уақыт бойынша 14:50 шамасында) бейсенбіде Яньчэн (Цзянсу провинциясы) округіндегі «Цзянсу Тяньцзяи» зауытында орын алған. Оның операторы – Tianjiayi Chemical компаниясы. Кәсіпорын тыңайтқыш өндірумен айналысады.

Қуатты жарылыстың артынша алапат өрт болып, көрші ғимаратқа да әсер еткен.

Жарылыс пен артынша орын алған өрт салдарынан барлығы 640 адам ауруханаға жатқызылған. Көп науқастардың жағдайы мүшкіл, ал ондаған адамның жарақаттануы ауыр деп бағаланды.

Жарылыс толқыны оқиғадан шамамен 5 км радиуста орналасқан ғимараттарға жеткен. Қытай билігінің мәліметтері бойынша, жарылыс кезінде 2,2 магнитудасы бар тербеліс тіркеліпті.