Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.
Сапар барысында облыс орталығы құрылысының барысымен танысу, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап көру, сондай-ақ өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланып отыр.