• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 24 Наурыз, 2019

Самбошы Бағлан Ибрагим – Әлем кубогының иегері

866 рет
көрсетілді

Ресей астанасы Мәскеуде самбодан өткен Әлем кубогы сынында қарағандылық балуан Бағлан Ибрагим тамаша өнер көрсетіп, 52 кило салмақ дәрежесінде алтын медаль иегері атанды.

Қазақ самбошысы финалдық белдесуде ресейлік Алексей Клюкиннен басым түсті.

Еске салсақ, Бағлан Ибрагим – 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарының жеңімпазы. Ол қазіргі уақытта Жезқазған қаласында бапкер Саят Серіковтің қарамағында жаттығады. Чемпионның бірінші жаттықтырушысы – Қарағанды облыстық балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған кешенді спорт мектебінің директоры Бауыржан (Темірхан) Абылаев.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы