АҚШ Президенті Дональд Трамп Ирандағы жағдайға қатысты маңызды үндеу жасайды. Бұл туралы Трамп әкімшілігінің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Баспасөз хатшысының айтуынша, АҚШ басшысы сәрсенбі күні Вашингтон уақытымен сағат 21:00-де арнайы үндеумен шығады. Онда Иранға қатысты соңғы маңызды ақпараттар беріледі деп күтіледі.
Трамп Иранның энергетикалық нысандарына соққы жасауы мүмкін
«АҚШ президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні сағат 21:00-де Иран бойынша маңызды жаңартылған ақпаратты ұсыну үшін арнайы үндеу жасайды», деп жазды Каролин Ливитт.
Иран Таяу Шығыстағы Microsoft, Apple, Google және Meta нысандарына шабуыл жасамақ
Айта кетейік, 31 наурыз кешке АҚШ президенті Иранға қарсы операцияны «өте жақын арада» аяқтайтынын мәлімдеген болатын. Оның сөзінше, американдық әскерилердің басым бөлігі екі-үш апта ішінде Таяу Шығыстан шығарылады.
Еске сала кетейік, дүйсенбі күні Иран Дубай маңында мұнай танкеріне шабуыл жасады. Осы тұста АҚШ президенті Дональд Трамп егер Иран Ормұз бұғазын ашпаса, Америка оның энергетикалық нысандары мен мұнай кен орындарын жермен-жексен ететінін мәлімдеді.