• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Наурыз, 2019

Алматыда дәстүрлі әндер кеші өтті

1605 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Әз-Наурыз мейрамына орай мерекелік ән кеші өтті. Қала жұртшылығын тұнық әуенмен сусындатқан айтулы концерт «Інжу-маржан» деп аталған.

Ұлыстың ұлы күні Алматылықтарды думанға бөлеген айрықша кештің атауында айтылып тұрғандай, концертте халқымыздың інжу-маржан мұрасындағы жауһар шығармаларға баланатын әсем әндер орындалды. Көмейіне бұлбұл  ұялаған дәстүрлі әншілер көрерменді  өз өнерімен баурады.

«Тәуелсіздіктің арқасында дәстүрлі өнерімізге деген бетбұрыс жылдан-жылға  артып келеді. Бүгін шырқалған әндердің әрбірінің өзіне тән тарихы бар. Қазақтың ұлттық өнерін ұлықтап келген ағайынды көріп ішіміз жылып қалды. Қазақ барда қазақтың әні өлмейді», – дейді дәстүрлі әнші Жасұлан Мұсағали.

Концертте Біржан Сал, Ақан Сері, Қапез, Сүйінбай мен Қабан жырау секілді ұлт өнерінің алдаспандарының әйгілі әндері мен термелері шырқалды.

«Мұндай дәстүрлі әуендер айтылатын ән кештерінің жиі өтіп тұрғаны жақсы ғой. Жанымыз жасарып, көңіліміз сергіп қалды. Бұл әндер қазақтың  даласы сияқты салқар. Кеудеміз кеңейіп, мың жасағандай күй кештік»,-дейді өнер жәрмеңкесін тамашалауға келген Алматылық Бақытжан Заманбеков.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қзақстан»

АЛМАТЫ