• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Наурыз, 2019

Куршад Зорлу: Түркі әлемінің Ақсақалы

1204 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл әлемді таңғалдырған шешім қабылдағанын мәлімдеді. Өз орнын Сенат Төрағасы қызметін атқарған Қасым-Жомарт Тоқаевқа қалдырды.

Қазақстанды 28 жыл басқарған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурызда шешімін жариялады. Соның артынша 20 наурызда Парламенттің бірлескен отырысында жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді. Мұндай шешім Қазақстанды ғана емес, Орта Азияны және Түркия тарапын да таңғалдырғаны рас.

Қазақстан жер көлемі бойынша әлемнің 9-орындағы мемлекеті. 18 миллионнан астам тұрғын бар. 1991 жылы қазақтар елдегі халықтың 45 пайызын құраса, бүгінде 70 пайызға жетті. Жанармай, табиғи газ, уран секілді қазба байлықтарға ие.

2005 және 2018 жылдар аралығында елге құйылған 282 миллиард АҚШ доллар шетелдік инвестицияның 47 пайызы еуропалық елдерге, ал 13 пайызы АҚШ-қа тиесілі. Басқаша айтқанда, Қазақстан Шығыс пен Батыстың өзара әрекеттесуінің маңызды орталығы болып табылады. 2010 жылы ЕҚЫҰ және 2011 жылы Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етуі бұл теңгерімнің оңтайлы көрінісіне айналды.

1990-шы жылдардың ауқымды технологиялары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, бүгінгі таңда Қазақстан әлемде бизнес жүргізудің қарапайымдылығы бойынша 190 ел арасында 28-ші орынға көтерілді. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал орыс тілі қажет жағдайда бірге қолданылады. Алайда Назарбаевтың 1940 жылдан бері қолданыста болған кириллица алфавитінен бас тартып, латын графикасын қабылдау туралы шешім шығарды. 2025 жылға қарай 32-әріптік жаңа алфавит елдің барлық ішкі жүйелерінде іске қосылады.

Елдегі трансформация мен көрнекі мақсаттарды белгілейтін ең маңызды жұмыс – иен далаға салынған Астана қаласы. Назарбаевтың отставкаға кету туралы шешімінен кейін Қазақстан Парламенті дәлдік танытып, Астана атауын Нұр-Сұлтан деп өзгертті.

Түрік әлемінің Ақсақалы

Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, ​​Нұр Отан партиясының Төрағасы, Қазақстан Халқы Ассамблеясының Төрағасы қызметін жалғастыра бермек. Ол Кеңес үкіметі құлағаннан кейін ел тізгінін ұстап қалған жалғыз басшы болатын.

Қазақстанның географиялық ерекшелігін ұтымды пайдаланып, көреген шешімдерінің арқасында түркі әлемінің Ақсақалы атанды. Мәселен Түркия-Ресей қарым-қатынастарын реттеуде үлкен рөл атқарып, 15 шілдедегі оқиғадан кейін Түркияға келген алғашқы мемлекет басшысы еді. Онда Түрік әлемінің шатырын іспетті Түркі Кеңесін құру туралы ұсыныс жасады. Өткен жылы Түркі әлеміне қатысты жасалған сауалнамада Н.Назарбаевтың есімі түркітілдес мемлекеттер арасында танымал екені анықталғаны есімізде.

Назарбаевтың мұндай шешім жасайтынын бірнеше жыл бұрын сезген едім. Қатысқан бір жиында «Назарбаев өз еркімен денсаулығын ел үшін сарп еткен көшбасшы ретінде тарихқа енеді» деп айтқаным бар-тұғын.

Назарбаев 2017 жылдан бастап жоспарлаған болатын. 2017 жылы қабылданған конституциялық түзетулермен ол парламентке және үкіметке 30-дан астам өкілдік берді. Елдің басқару жүйесін өзгерткен бұл қадам қоғамдық пікірде жеткілікті түрде талқыланған жоқ. Қазақстан президенттік жүйеден президенттік парламенттік жүйеге даңғыл жол салды. Сондықтан парламент мен үкіметтің құзыреті кеңейіп, тепе-теңдікті және тежегіш механизмін жұмыс істейтін саяси құрылымы жүзеге аспақ. Бұдан бөлек Назарбаев соңғы үш жылда елдегі биліктегі орташа жас көлемін азайтты. Бұл жаңа ұрпақ туралы айтатын және жастарға хабар беретін ерекше тәсіл.

Куршад Зорлу, 

Профессор