Сейсенбі, 16 қазан 2012 7:59
Келісімге қол қойды
Филиппин үкіметі елдегі ең қуатты мұсылман ұйымы – Моро исламдықазат ету майданымен елдің оңтүстігінде бейбітшілікті қамтамасыз етугебағытталған келісімге қол қойды.
Сейсенбі, 16 қазан 2012 7:59
Келісімге қол қойды
Филиппин үкіметі елдегі ең қуатты мұсылман ұйымы – Моро исламдықазат ету майданымен елдің оңтүстігінде бейбітшілікті қамтамасыз етугебағытталған келісімге қол қойды.
Малаканьянг президент сарайында өткен салтанатты рәсімге мемлекет басшысы Бенигно Акино және МИАМ лидері Мурад Ибрагим қатысты. Сол сияқты рәсімге Малайзия премьер-министрі Наджиб Разак және МИАМ-ның 150-ден астам басшылары қатысты. Бұл нағыз үлгілі келісім болмаса да, 1997 жылдан бері келіссөздер жүргізгендер үшін ең жақсы келісім деп атап көрсетілген МИАМ-ның ресми мәлімдемесінде.
Журналистің ұрлануы анықталуда
Сирияда ұрланған журналист Анхар Кочнева Украинаның азаматшасыболып шықты. Бұл туралы Ресейдің Дамаскідегі елшілігініңбаспасөз-атташесі С.Марков хабарлаған.
Ресей елшілігі оның Украина азаматшасы екенін анықтады, ол бұл жерде БАҚ аккредитациясынан өтпеген, деп атап өткен ол. Бұған дейін журналист Ресей азаматы деп хабарланған болатын. Анхар Кочнева 14 қазан күні байланысқа шығып, туған-туысқандарына өзінің тұтқында отырғанын хабарлаған болатын. Қазіргі уақытта Ресей елшілігі жергілікті билікпен және Украина елшілігімен бірлесіп, журналистің жоғалып кету жағдайын анықтауда.
Бұрынғы король қайтыс болды
1941-ден 2004 жылға дейін Камбоджаның королі және премьер-министріболған Нородом Сианук 89 жасында Қытайда қайтыс болды.
Сианук Қытайда ем алып жатқан болатын. Оның қатты қиналғаны сондай өзі де осындай азаптан құтылғанша асыққан еді. Осыдан 3 жыл бұрын ол өзінің сайтына тым ұзақ өмір сүргенін, қазір тезірек өмірмен қоштасуын қалайтынын жазған болатын. Нородом Сианук 1941 жылы Камбоджа королі болып, 1955 жылы өз әкесі Нородом Сурамариттің пайдасына биліктен бас тартқан болатын. 1993 жылы корольдік қайта қалпына келгенде, ол билікке қайтып оралды.
Әлемнің бес үздік қалалары аталды
Лондон, Париж, Стокгольм Pricewaterhouse Goopers рейтингіне сәйкес әлемдегі ең үздік қалалардың бестігіне енген.
Алғашқы бестік былайша көрініс табады: Нью-Йорк, Лондон, Торонто, Париж және Стокгольм. Париждің өткен жылы бестікке де іліге алмай, рейтингте сегізінші орында ғана болуын ескергенде француз астанасы үшін төртінші орын нағыз серпіліс болып табылады. Жыл сайынғы жіктеудің экономикалық бөлігінде Париж экономиканың дамуы бойынша Пекиннен кейінгі екінші орында тұр.
Айыппұлмен тәртіпке шақырады
Таиланд үкіметі 2012 жылдың қазанынан бастап жолаушылардан бас тартқан таксистердің тұтқынға алынатыны және айыппұл салынатыны жөнінде мәлімдеді.
Сонымен бірге, жол полициясы өкілдері туристерге такси жүргізушілермен қалай қарым-қатынас жасау керектігі жөнінде бірнеше кеңестер берген. Сауда орталықтары мен автобус аялдамаларында тұрған таксилер жиі-жиі клиенттерді тасудан бас тартатын көрінеді. Олар оны баратын жерінің жақындығымен, соған байланысты түсетін ақшаның аздығымен түсіндіреді екен. Ал кейбір таксистер тек шетелдіктерді ғана тасиды екен. Енді жолаушылар арнайы нөмірге телефон шалып, өз шағымдарын қалдыра алады.
Биліктегі партия биіктеген күн
«Единая Россия» партиясы 14 қазан күні өткен сайлауға риза болып отыр. Оның қорытындысында партия кандидаттары губернатор лауазымдарын сақтап, өңірлік парламенттерде басымдыққа ие болды.
«Единая Россия» партиясы бас кеңесі хатшысының орынбасары Андрей Исаев атап өткендей, науқан тек «Единая Россияның» жеңісіне ғана айналып қана қоймай, сонымен бірге жүйелік және жүйелік емес оппозицияны жеңіліске ұшыратты. Оның айтуынша, «ақ ленталы оппозиция» өздерін тек екі жерде ғана көрсете алған. Барнаулда осы жерден бірнеше рет сайланған Владимир Рыжков «ПАРНАС-ты» қалалық кеңеске алып шықса, Химкиде Евгения Чирикова белсенді науқан жүргізген.
Волгоград Сталинград атана ма?
Санкт-Петербургте «Балтийский дом» театры жанында Волгоградтың атын Сталинград деп атау жөнінде акция өтті. Бір күнде 887 қол жиналған.
«Ресей азаматтары кәсіподақтарының» баспасөз хатшысы Дарья Дедованың айтуынша, адамдар бұл ұсынысты көтеріңкі көңіл-күймен қабыл алған. Көптеген адамдар «өзгерту» жөніндегі арнайы ашық хаттарды өздерімен бірге үйлеріне алып кетіп, кейін поштамен жіберетіндерін хабарлаған. 1 қазан күні басталған қол жинау акциясы әлі де жалғасуда. Сталинградқа ұлы жеңіс даңқын жамылған атауды қайтару біздің жеңімпаз халқымызға қатысты тарихи әділдікті қалпына келтіруге жағдай жасайды және Ресейдің сыртқы аренадағы позициясын нығайта түседі, деп атап көрсетуде «Кәсіподақтар».
Интернет материалдары негізінде әзірленді.