• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Наурыз, 2019

Нұрлы шаһар мемлекет мерейін асыра берсін

775 рет
көрсетілді

Қазақстан тарихында Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Пре­зи­денті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі алтын әріптермен жазылатыны ақиқат.

Елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын және өркенді дамуға серпін беретін реформаларды жедел де тиімді жүргізу үшін және бұл мақсатқа жетуде бірінші кезекте халықтың қолдауына ие болатын қабілетті де күшті тұлғаның қажет болатынын тарих парақ­­тары әлдеқа­шан дәлелде­ген. Тәуелсіз Қазақ­стан тарихында мұндай тұлға Нұрсұлтан Назарбаев болып айқындалды. 

Тұңғыш Прези­денті­міздің жетекшілігімен елі­міз та­лай биік шыңдарды бағынды­рып, толымды та­б­ыстарға қол жеткізді. Оның барлығын тізіп шығу үшін том-томдап кітап жазсақ та жеткіліксіз.

Сарыарқа төрінен арайлы Астананың бой көтеруі – тәуелсіздіктің басты жемісі, Тұңғыш Президент Н.Назар­баевтың ерен еңбегінің нәти­жесі деп білемін.

Бүгінгі Астана еліміздің саяси ордасы ғана емес, халқымыздың арман-мұратын асқақтатқан арайлы шаһар болып бекіді. Қазақтың елордасы Жер-жаһанда бей­бітшілікті орнықтыруға үн­дейтін алаң ретінде танылды.

Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Президенті Қ.То­қаев­тың ұсынысымен, Қазақ­стан Республикасы Пар­ла­ментінің қолдауымен Астана қаласын Нұр-Сұлтан шаһары болып ауыстырылуын қол­даймын.

Нұрлы шаһар Нұр-Сұлтан Тұңғыш Президентіміздің төл тумасы ретінде Қазақ елінің мерейін асыра берсін!   Нұрғазы БҰХАРБАЕВ,

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты