• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Наурыз, 2019

Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды

902 рет
көрсетілді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Айдос Ыдырысұлы Үкібай Елбасының баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Арслан Момышұлы Дандыбаев – Елбасы Протоколының басшысы, Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбыраим – Ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев – Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Асқар Мәуленұлы Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі, Елдар Серікұлы Томашов – Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.