Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:18
АҚШ президенттігінен үміткер Барак Обама мен Митт Ромни арасында өткен теледебатта елдің қазіргі президенті Барак Обама жеңіске жетті. Оны респонденттердің 48 пайызы, ал Митт Ромниді 40 пайызы қолдаған.
Сәрсенбі, 24 қазан 2012 7:18
АҚШ президенттігінен үміткер Барак Обама мен Митт Ромни арасында өткен теледебатта елдің қазіргі президенті Барак Обама жеңіске жетті. Оны респонденттердің 48 пайызы, ал Митт Ромниді 40 пайызы қолдаған.
Сарапшылардың бағалауынша, бұл теледебатта кандидаттардың ешқайсысы көрермендердің басым қолдауына ие бола алмады. Дебат қорытындысы бойынша сұрау салынғандардың 24 пайызы өздерінің президенттік сайлауда кімге дауыс беретініне дайын екендіктерін білдірген. Флорида штатында өткен бұл дебат сайлау алдындағы соңғы теледебат болып табылады. Дебаттың басты тақырыбы – АҚШ-тың сыртқы саясаты болды. Онда кандидаттар экономикалық мәселелерге де назар аударған.
Президент рақымшылық жариялады
Сирия президенті Башар Асад елде жаппай рақымшылық жариялады. САНА мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, рақымшылық жасаудың қылмысы үшін сотталғандарға да қатысы бар. Бұрын Башар Асадтың режіміне қарсылық көрсеткендері үшін тұтқындалғандар да бостандыққа шығарыла ма, жоқ па, ол қазірге белгісіз.
Сирияда 2011 жылдың ақпанынан бері Асад билігі мен оппозиция арасында қарулы қақтығыс болып келеді. Жағдай бірнеше мыңдаған акцияға қатысушыларды күшпен қуып таратқаннан кейін тіпті ушыға түсті. Көптеген оппозиционерлер тұтқынға алынды. Қақтығыстар кезінде 30 мыңнан астам адам қаза тапты. Қазіргі кезде билік әскерлері мен оған қарсыластар арасындағы соғыс Маарет аль-Нуман қаласы үшін жүріп жатыр.
Қару-жарақ қоймаларын қысқартады
Ресей қорғаныс министрлігі ел аумағындағы түрлі қару-жарақ сақтайтын қоймалар санын он есеге қысқартпақ. Бірінші кезекте елді мекендерге жақын жерлердегі 31 нысан жабылатын болады. Бұл жөнінде қорғаныс министрінің орынбасары, армия генералы Дмитрий Булгаков мәлімдеді.
Генералдың сөзіне қарағанда, әскерилер жаңа қару-жарақ қоймалары жүйесін құруды да ойластырып жатыр. Қоймалардың бір бөлігі қазірдің өзінде таратылды, қалған қауіпті деген қару-жарақтар қауіпсіз жерге әкетілді. 2015 жылға қарай ашық алаңдардағы қару-жарақ қоймаларын толықтай жою жоспарланып отыр. Қару-жарақ қоймаларын жаңа жүйелермен жабдықтауға 75 миллиард рубль жұмсалады. Соңғы бірнеше жылда Ресейде өрт салдарынан, бомбалар мен оқтұмсықтарды жою кезінде жарылыс болып, әскерилер мерт болған еді. Соның бірі – осы жылдың 9 қазанында Донгуз полигонындағы өрт.
Министр отставкаға кетті
Жапонияның әділет министрі Кэйсю Танака кеше өзінің отставкаға кететіні туралы өтініш берген. Премьер-Министр Есихико Нода оның отставкасын қабылдаған. Отставка себебі министрдің өзін нашар сезінетіндігінде жатса керек.
74 жастағы К.Танака әділет министрі креслосына осы қазан айының басында ғана отырған еді. Тағайындала салып-ақ оны Қытай азаматынан қайырымдылық ретінде ақшалай 420 мың иен (5,4 мың доллар) алды деп айыптады. Мәлім болғанындай, министр шынында да қытайлықтан 2006 жылдан бастап ақша алып келіпті. Ал Жапония заңнамасына сәйкес саясаткерлердің шетел азаматтарынан ақша қабылдауға құқығы жоқ. Экс-министр өзіне тағылған айыпты жоққа шығармайды.
Босқындар бас көтерді
Грузияның ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Тбилисиде жүзге жуық босқын жазаны орындау жөніндегі департаменттің ғимаратын басып алған. Олар мемлекет өздеріне баспана бермейінше, ғимаратты босатпайтындарын мәлімдеген.
Ресми мәліметтер бойынша, Грузияда Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан келген 260 мыңға жуық босқын бар. Олардың бірқатарына, яғни 10 мыңдай отбасына Тбилисиден баспана берілген көрінеді. Босқындарға провинциялардан тұрғын үйлер ұсынылған да екен. Бірақ, астанадан кеткісі келмейді. Басты себеп – онда жұмыс орындарының жоқтығы.
Базардағы жаппай төбелес
Белоруссия милициясы өткен жексенбіде Минскідегі базарда болған жаппай төбелеске қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл жөнінде БЕЛТА хабарлады.
Мәліметтерге қарағанда, төбелес «Жданович» базарында болған. Оған себеп ұялы телефон бағасының сатылу құны көрінеді. Төбелес кезінде оқ та атылған сияқты. Милиция төбелеске қатысқандардың 43-ін ұстаған. Ал төбелес Ставрополь және Астрахань өңірлерінен келген сығандар арасында болған.
Қысқа қайырып айтқанда:
Ресейдің тергеу органдары Мәскеу банкінің бұрынғы басшысы АндрейБородиннің 400 миллион доллардан асатын дүние-мүлкін тұтқындады.Құқық қорғау органдары оған қаржыны заңсыз иемденген және онышетел банктеріне аударған деген айып тағуда.
Тайвань ауруханасында шыққан өрттен 12 адам мерт болып, 60 адамзардап шекті. Өрт кеше ертеңгісін шыққан, 100-ден астам емделушібасқа жерге көшірілді.
Польшаның Дебно қаласында Освенцим лагерінің ең қарт «тұтқыны»Антоний Добровский қайтыс болды. Ол 108 жыл өмір сүрген екен.
Германия билігі Ресейге тыңшылар алмасу жөнінде ұсыныс білдірді. Осыған байланысты Берлин Мәскеуге 1980 жылдары тұтқындалған ерлі-зайыптыны қайтаруға дайын екенін мәлімдеді.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.