• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2019

Бодан елден бостан елге бастады

908 рет
көрсетілді

Еңбегі шексіз. Нұрсұлтан Әбішұлын әлемдік деңгейдегі ұлы билеушілер I Петрмен, Черчиль, Мао Цзедунь, Линкольн, де Голль, т.б. деңгейдегі тұлғалармен ғана теңестіруге болады. Ол біздің бодан ұлтымызды еркін, тәуелсіз ұлт деңгейіне, әлемдегі ең озық 50 елдің қатарына қосты, аз ғана уақыт ішінде елді барлық тұрғыдан әр сала бойынша адам айтқысыз биіктерге жеткізді. Бұл – даусыз ақиқат. Бір ғана адамның осынша даналығы мен көрегендігіне, ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрегіне таңданбасқа, оның ұлы істеріне бас имеске шара жоқ. Себебі мұны көзі бар жұрт көрді, санасы бар жұрт айқын түйсінді. Ол тәуелсіз Қазақстанның, түгелдей түлеген қазақ ұлтының қамқоры екені ақиқат. Бұл тұрғыдан алғанда ол теңдесі жоқ ұлы тұлға. Ол Қазақстанды әлі де алға бастай береріне күмән жоқ.

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ, 

ақын-жазушы, қоғам қайраткері

АҚТӨБЕ