• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2019

Тұңғыш Президентке көрсетілген құрмет жоғары - Бақытжан Жұмағұлов

553 рет
көрсетілді

Мереке күндері Алматы қала­сы мен Алматы облысында зия­лы қауыммен, ғалымдармен және инженерлермен кездестім. 

Халық­тың арасында жүріп, көп нәрсені көкейге түйдім. Сон­дықтан естігенімді емес, көр­ге­нім­ді, жүрегіме түйгенімді айт­қым келеді. Алдымен, біз бүгін шын мәнінде тарихи сәтті бас­тан кешіріп жатқанымызға назар аударсам деймін. Елбасының тарихи шешімі мен елдің даму жолындағы тың өзгерістер халық тарапынан қызу қолдау табуда. Халық Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының айналдырған 30 жылдың ішінде бүкіл әлем мойындаған, алпауыт елдердің өздері санасатын, экономикасы тұрақты, саяси әлеуеті зор, қуат­ты мемлекет құрғанын ерек­ше айтып, өздерінің шексіз ри­за­шылықтарын жеткізуде. Елба­сының есімі ел тарихына алтын әріппен жазылатын тұлға болып қалатынын да айтып, өздерінің қолдауларын білдіріп жатыр. Елбасы Қазақстанды сая­си тұрақты, бүкіл әлем таны­ған және құр­меттейтін, заманауи, қар­қынды дамып келе жат­қан озық мемлекетке айналдыра білді. Қазақстан барлық эк­о­­номикалық көрсеткіштер бо­йын­ша Орталық Азияның көшбасшысына айналды. Тұң­ғыш Президенттің ерен еңбе­гі­нің арқасында біз әлемнің бә­се­кеге қабілетті 50 елінің қата­ры­на қосылдық. Алдымызда да­мы­ған 30 елдің қатарына енуге б­а­ғыт­талған нақты мақсаттар тұр. 

XXI ғасырда жаңа Астана­мыздың бой көтеруі де Тұңғыш Пре­­зи­денті­міздің ең басты ер­лік­­терінің бірі. Бар-жоғы 20 жыл­да бас қаламыз Тəуел­сіз елі­мі­здің шынайы бет-бейнесіне, хал­қы­мыздың мақтанышына айнал­ды. Астанамыз, өткеннің құн­ды­­лық­тарын көрсете отырып, күллі əлемге Қазақстан­ның жаңа бей­несін көрсетті. Елбасының осындай қыруар еңбек­терін ел болып бағалап, Парламенттің бірауыздан қабылдаған шешімі негізін­де Қазақстан Президенті Қасым-Жо­март Тоқаев Астана қала­сын Нұр-Сұл­тан деп атау туралы Жарлыққа қол қой­ды. Өз басым бұл қадамды халық­тың Қазақ­станның Тұңғыш Прези­дентіне көрсеткен құрметі деп біле­мін және оны толығымен қол­даймын. Сондай-ақ бұл шешім­ді уақтылы және орынды қабы­лданды деп есептеймін. Дәл осындай сөзді елдегі зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен инженерлер де айтуда.

Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ,

Сенат депутаты