Сенбі, 27 қазан 2012 7:23
АҚШ Қазақстанмен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалайды
Технологиялардың дамуына және жаңа тәуекелдердің пайда болуына байланысты Президент Барак Обама ядролық қатерді қысқартудың өсіп келе жатқан қажеттілігін жақсы сезініп отыр. Осыған байланысты ол ядролық қарудан азат әлем құру, қарулануды қысқарту тетіктерін жүзеге асыру қажеттігіне баса мән бере бастады. Бұл жөнінде жоғары шенді америкалық дипломат атап көрсетті.
Сенбі, 27 қазан 2012 7:23
АҚШ Қазақстанмен ядролық қаруды таратпау саласындағы ынтымақтастығын жоғары бағалайды
Технологиялардың дамуына және жаңа тәуекелдердің пайда болуына байланысты Президент Барак Обама ядролық қатерді қысқартудың өсіп келе жатқан қажеттілігін жақсы сезініп отыр. Осыған байланысты ол ядролық қарудан азат әлем құру, қарулануды қысқарту тетіктерін жүзеге асыру қажеттігіне баса мән бере бастады. Бұл жөнінде жоғары шенді америкалық дипломат атап көрсетті.
«Осы тұжырымдаманы жүзеге асырудың үш жолы болса, олар мыналар: ядролық материалдардың қорын қысқарту, қолдағы бар қорлардың қорғанысын нығайту, сондай-ақ лаңкестер мен басқа да қылмыскерлердің қолына қатерлі қарулардың түспеуі бойынша және қара базарға шықпауы бойынша шаралар қабылдау», деп мәлімдеді 16 қазанда Алматыдағы (Қазақстан) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері алдында сөйлеген сөзінде мемлекеттік хатшының көмекшісінің орынбасары Саймон Лимаж.Лимаж Президент Обама бастамашылық жасаған Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстанның белсенділігін жоғары бағалады. Бұл басқосудың мақсаты ядролық материалдар мен қарулардың әлемдік қорын экстремистерден қорғау бойынша проблемаларды шешу болған еді. Қазақстанды қоса алғанда 40-тан астам ел 2010 жылы Вашингтондағы алғашқы саммитте кездесіп, 2012 жылдың наурызында Сеулде қайта жиналған-тын. Лимаж АҚШ мемлекеттік департаменті бюросындағы мемлекеттік хатшы көмекшісінің халықаралық қауіпсіздік және таратпау ісі бойынша орынбасары болып табылады.«Обама наурыз айындағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі Сеул саммитінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында Қазақстанға өзінің ризашылығын жеткізді. Саммиттің басты нәтижелерінің бірі Семей полигонындағы ядролық материалдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үш жақты Қазақстан-Америка-Ресей ынтымақтастығы және олардың контрабандашылар мен терроршылардың қолына түспеуінің алдын алу болды», деді Лимаж. Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігіндегі полигонды Кеңес Одағы «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінде ядролық қаруларды сынау үшін пайдаланған еді.«Қырғи-қабақ соғыс» аяқталып, Кеңес Одағы ыдыраған кезде Қазақстанға 1410 ядролық оқтұмсықтан тұратын аса ірі ядролық қару инфрақұрылымы «мұраға» қалған болатын. «Президент Назарбаев барлық ядролық қаруды ел аумағынан шығару туралы батыл да монументалды шешім қабылдады. Қазақстан бұл бағытта Нанн-Лугар бағдарламасы шеңберінде АҚШ-пен және қатерді бірлесіп азайту бойынша Ресеймен, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен (МАГАТЭ), басқа да халықаралық әріптестерімен тығыз ынтымақтастық жасады», деді Лимаж.«Біз жақында Астанада өткен Ядролық қарудан азат әлем құру жөніндегі қазақстандық халықаралық форумды қуаттаймыз және Қазақстанның өз аумағында Иранмен «Р5+1» (құрамына АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Ресей, Қытай және Германия кіретін) келіссөзінің келесі раундын өткізу жөніндегі ұсынысын жоғары бағалаймыз», деді ол. Лимаж мәлімдеп отырғанындай, Құрама Штаттар мен Қазақстан Ядролық терроризм актілеріне қарсы күрес бойынша жаһандық бастама аясында ядролық және радиоактивті материалдардың заңсыз айналымымен күресте басқа да әріптестерімен бірлесе іс-қимыл танытуда.«Құрама Штаттар «лас бомба» жасауда пайдаланылуы мүмкін радиоактивті көздерді қорғауды қамтамасыз етуде және пайдаланылған көздерді сақтайтын жерге жеткізуде сіздердің үкіметтеріңізбен тығыз ынтымақтасып отыр», деді ол қазақстандық студенттерге. Лимаж сондай-ақ Құрама Штаттардың Қазақстанмен ғалымдарды Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа (ХҒТО) тарту аясындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын атап өтті. Оның айтуынша, сапарының басты мақсаты – Қазақстан үкіметімен технологиялық орталық жұмысын жалғастыруды және оның штаб-пәтерін Қазақстанға ауыстыруды қамтамасыз ету бойынша келісім жасасу жөніндегі келіссөздерді бастау.«Қазақстанның таратпау мәселелері бойынша өңірлік көшбасшылығы оны ұйымның жаңа штаб-пәтері орналасатын тамаша орын жасайды», деді Лимаж. ХҒТО басқарушыларының кеңесі қазірдің өзінде ХҒТО-ның филиалын Орталықтың Алматыдағы штаб-пәтері ретінде жаңғыртуды мақұлдап отыр. «Біз жақын арада Қазақстан Республикасы Үкіметінен ХҒТО-ның штаб-пәтерін Ресейден Қазақстанға ауыстыру туралы ұсыныс жазылған ресми хат алатынымызға үміттенеміз», деді Лимаж. Ол сондай-ақ студенттерге ядролық қатерді қысқартудың маңызы зор екенін атап көрсетті.«Құрама Штаттар ядролық қарусыздану жағына қарай шешімді қадамдар жасап отыр. Осы жылдың ақпанында Ресей мен АҚШ арасында Стратегиялық қару-жарақты қысқарту (СҚҚ) жөніндегі жаңа шарт күшіне енді», деді Лимаж. Оның айтуынша, Обаманың «Прага күн тәртібінің» бөлшегі болып табылатын бұл шарт әр елдің арсеналында тұрған ядролық оқтұмсықтар санын 1950-жылдардан кейінгі, яғни «қырғи-қабақ соғыс» кезеңінде арттырылғаннан соңғы ең төменгі деңгейге (85 пайыз) дейін қысқартуға мүмкіндік береді.«Құрама Штаттар ядролық қарудың жалпы санын азайту үдерісін жалғастыруды қалайды. Бұл Ресеймен барлық ядролық қару-жарақты – стратегиялық, стратегиялық емес, тағы басқа қаруларды кең көлемде қысқарту бойынша болашақ келісімге ұмтылыстан көрінеді, – деп сөз сабақтады Лимаж. – 2009 жылдың 5 сәуірінде Прагада сөйлеген сөзінде Обама ағымдағы жүйеге тән ядролық қаруды жаһандық таратумен байланысты тәуекелдер бар екенін атап көрсетті. «Қырғи-қабақ соғыс» кезеңі баяғыда аяқталғанына қарамастан, ядролық қару жүйесі өткен бес онжылдық бедерінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Тарихтың осы түсініксіздеу айналымында жаһандық ядролық соғыс қатері төмендегенімен, ядролық шабуыл тәуекелі арта түсті».Сөзінің қорытындысында, Лимаж студенттерге тәуекелдің өсіп отырған себебін түрлі ядролық қару-жараққа ие мемлекеттер санының артып отырғандығымен, ядролық қаруларды сынау мен саудалаудың, қара базарда материалдар мен құпияларды сатудың жалғасып жатқандығымен түсіндірді.Кіші Мерл Дэвид КЕЛЛЕРХОЛС.