• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Қараша, 2012

Обама ма, әлде Ромни ме?

245 рет
көрсетілді

Обама ма, әлде Ромни ме?

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:29

Газет оқырмандар қолына тигенше, АҚШ-тағы президенттік сайлау да мәресіне жетіп үлгереді. Сайлауға бір күн қалғанда АҚШ президенті Барак Обама өзінің бәсекелесі, республикалық кандидат Митт Ромниден екі пункт озық тұрған болатын.

 

Сәрсенбі, 7 қараша 2012 7:29

Газет оқырмандар қолына тигенше, АҚШ-тағы президенттік сайлау да мәресіне жетіп үлгереді. Сайлауға бір күн қалғанда АҚШ президенті Барак Обама өзінің бәсекелесі, республикалық кандидат Митт Ромниден екі пункт озық тұрған болатын.

Қолымыздағы соңғы мәліметтерге қа­рағанда, алғашқы ашылған сайлау учаске­лерінде іс басындағы президент Барак Обама жеңіске жеткен. Бірақ бұл демократтың аты барлық жерде бірдей озып келеді деген сөз емес. Сарапшылардың пайымдауларынша, осы жолғы сайлау бұрын-соңды бол­ма­ған текетіреспен өтсе, бір үміткер екінші­сін сәл ғана басымдықпен жеңетін болады.

 

Екі ядролық реакторын тоқтатады

Оңтүстік Корея қосалқы бөлшектерінің сапасыздығына байланысты екі ядролық реакторын тоқтататынын хабарлады. Бұл шешім дереу орындалуы тиіс. Сөйтіп, реакторлар 2013 жылдың қаңтарына дейін қаңтарылып тұратын болады. Осы аралықта инженерлер реактордың көптеген көнерген бөлшектерін ауыстырып үлгеруі тиіс.

Оңтүстік Корея экономика министрі Хонг Сук Ву реакторларды жабу бүкіл қыс мез­гілінде электр қуатының бұрын-соңды болма­ған тапшылығына алып келетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол прокуратура жасанды бөлшек­тер сатқандарға қарсы тексеру жүргізетінін атап өткен. Йонгвандағы атом электр стансасы 1979 жылдан бері пайдаланылып келеді. Бү­гін­гі таңда Оңтүстік Кореяда 23 ядролық реактор жұмыс істейді. Олар елге қажетті электр қуатының үштен бірін қамтамасыз етеді. 2030 жылға дейін тағы 16 реактор пайда­лануға берілетін болады.

 

Палестиналық атып өлтірілді

Израиль әскерилері Газа секторымен шекарада Палес­тина тұрғынын атып өлтірген. Оқиға жексенбі күні кешкісін орын алған. Әскерилер буферлі аймаққа кірген адамды байқап қалып, оған тоқта деген белгі берген. Оған құлақ аспағаннан соң автоматтан оқ атқан.

Палестиналық медиктердің айтуларынша, буферлі аймаққа кіруге рұқсат алу үшін бірнеше сағат күтуге тура келген. Сол ара­лықта палестиналық алған жарақаттарынан көз жұмған. Егер көмек дер кезінде көрсетілгенде, палестиналықты аман алып қалуға әбден болады екен. Қазан айының соңынан бері Израиль мен Палестина автономиясы арасындағы ахуал осылайша ушы­ғып кетіп отыр.

Қысқа қайырып айтқанда:

 Грузияның орталық бөлігіндегі Ксани кентіндегі түрмедегілер түзеумекемесінің басшылығын ауыстыруды талап етіп, ауыздарын тігіптастаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Георгий Лордкипанидзежариялады.

  Ресей Федерациясы коммунистік партиясының Волгоград бөлім­шесіСталинград бөлімшесі болып қайта аталатын болды. Мұндай шешімдібөлімше жетекшісі Николай Паршин қабылдаса, партия көсе­мі ГеннадийЗюганов оны қолдаған.

  Дағыстанның Буйнак қаласында полиция автомобилі жарып жіберілді. 4 қараша күні кешкісін «ВАЗ-2107» автомобилінің астына бекітілген жарылғыш құрылғы іске қосылып, жарылғыш жүр­гізуші полицейдің екі аяғын жұлып кеткен.

   Сирияның Хама қаласында бүлікшілер үкімет әскерлері мен олар­дың жақтастары тобын қирата өлтірген. «Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, мина қойылған автокөлік жарылысынан 50 әскери қызметші мен үкімет жағындағы жасақ өкілдері опат болған.

«Тәжік шпиондары» сотталды

Өзбекстанда көрші Тәжікстан мемлекетінің пайдасына шпиондықпенайналысқан деп айыпталған 4 адам сотталды. Өзбек жағының айтуынша,аталған адамдар құпия ақпарат жинаумен айналысқан. Сот оларды 14жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру туралы үкімшығарды.

Өзбек жағының мәлімдеуінше, «шпион­дық желіні» Тәжікстанның бұрынғы дип­ломатия­лық өкілі Бахтибек Назархудоев пен Тәжікстан ұлттық қауіпсіздік коми­тетінің бұ­рынғы өкілі Абдулло Назаров ұйымдас­тырыпты. Жалпы, соңғы бірнеше жыл беде­рінде Өзбекстан мен Тәжікстанда шпиондық жасады деген айыппен ондаған адам түрмеге қамалған. Мәселен, былтыр Өзбекстанда Тәжікстан азаматы Саидкул Ашуров 20 жылға сотталса, одан 1 жыл бұрын Тәжікстанда өзбекстандық Боймурод Анаров ұзақ жыл түрмеде отыруға кесілген болатын.

 

Асығыстық сан соқтырар еді

Израильдің Channel 2 телеарнасы 2010 жылы Израильдің Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасауға дайындалғаны туралы журналистік зерттеу бойынша хабар көрсетті.

Журналистердің деректеріне қарағанда, Израиль премьер-минис­трі Беньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Эхуд Барак Иран аумағындағы ядролық нысандарға соққы беру ықтимал­ды­ғына орай армияны жоғары әскери дайындыққа келтіру туралы бұйрық берген. Бұл бастаманы «Моссад» сыртқы барлау қызме­тінің сол кездегі басшысы Мейр Даган мен Израиль қорғаныс министрлігінің сол кездегі штаб бастығы Габи Ашкенази заңсыз деп атапты. Осылайша елдің саяси және әскери басшылығы арасындағы ұстаным қайшылығынан Иранға қарсы операция тоқтатылса керек.

 

Тәркіленген кокаин 1,5 тонна

Венесуэланың ұлттық гвардиясы 1,5 тонна кокаин алып келе жатқан жүк көлігін кәмпескелеген. Жергілікті биліктің хабарлауына сәйкес, жүк көлігі елдің батысындағы Лара штатында тоқтатылған. Көліктегі кокаин Колумбияда әзірленген екен. Көлік жүргізушісі Венесуэла азаматы тұтқынға алыныпты.

Жалпы, Венесуэла есірткі тасымал­дау­дағы негізгі өткел болып табылады. Колумбия мен Перуде, Солтүстік Америкада дайын­дал­ған есірткілер жер жүзіне осы Венесуэла арқылы тарайды. Осыған орай Вашингтон Венесуэла президенті Уго Чавесті есірткіге қарсы күресте аса белсенділік танытпай отыр деп ылғи айыптап келеді. Бұл айыптаулардың саяси астары да бар екені күмән туғызбайды.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.