• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Наурыз, 2019

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы қаралды

1562 рет
көрсетілді

Парламент Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында«Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасыарасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

2017 жылғы 15 маусымда Ханой қаласында қол қойылған шарттың негізгі мақсаты қылмыспен тиімді күресу үшін өзара ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Шарт ынтымақтастық салаларын, орталық органдарды, көмек көрсету туралы сұрау салулардың мазмұны мен нысандарын, көмек көрсетуден бас тарту немесе оны кейінге қалдырудың тәртібі мен шарттары, сұрау салуларды орындау, сондай-ақ көмек көрсетуге, консультациялар мен басқа да уағдаластықтар жүргізуге байланысты өкілдік етуді және шығыстарды айқындайды.

Шартпен мынадай құқықтық көмек көрсету түрлері: құжаттарды табыс ету; куәні, сарапшыны шақыру; дәлелдемелер мен айғақтар алу және беру, оның ішінде бейнеконференция немесе телевизия байланысы арқылы дәлелдемелер алу және айғақтар беру; тергеп-тексеруге немесе айғақтар беруге көмек көрсету үшін адамдарды сұрау салушы тарапқа уақытша беру; қылмыстың кірістерін және/немесе құралдарын анықтау, бұғаттау, тыйым салу немесе тәркілеу жөнінде шаралар қабылдау; ақпарат алмасу, осы Шарттың мақсаттарына сәйкес келетін көмектің кез келген өзге де нысандары көзделеді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.