Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:21
Арандатқан арбауымен адамды алдап жығатын жұлынқұрттың қатерлі қадамы әлемді қымтап алды. Ол қамыттан шығудың жолы бірлесе әрекет ету екендігін қазір сол әлем халқы түсініп отыр. Сондықтан да есірткіге есі кеткендердің еселенбесі үшін ертерек ел болып қимылдау еңселі іс. Осыған орай бұрнағы күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу бойынша өкілеттік берілген органдар басшылары кеңесінің есірткіге қарсы сұранысты төмендету жөніндегі сарапшылар тобының бас қосқан отырысы болды.
Бейсенбі, 27 желтоқсан 2012 7:21
Арандатқан арбауымен адамды алдап жығатын жұлынқұрттың қатерлі қадамы әлемді қымтап алды. Ол қамыттан шығудың жолы бірлесе әрекет ету екендігін қазір сол әлем халқы түсініп отыр. Сондықтан да есірткіге есі кеткендердің еселенбесі үшін ертерек ел болып қимылдау еңселі іс. Осыған орай бұрнағы күні Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес жүргізу бойынша өкілеттік берілген органдар басшылары кеңесінің есірткіге қарсы сұранысты төмендету жөніндегі сарапшылар тобының бас қосқан отырысы болды. Оған ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша құзыретті органдары сарапшыларының жұмыс тобы мүшелері қатысты.
Отырыс барысында аса маңызды әрі кең ауқымды мәселелер қаралды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің 2011-2016 жылдарға арналған есірткіге қарсы стратегиясын іске асыру бойынша тараптардың ұсыныстары талқыланды. Өйткені, Шанхай ынтымақтастық ұйымы – өңірлік халықаралық ұйым болып табылады. Оның құрамына 6 мемлекет – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді. ШЫҰ-ның мақсаты – өзара сенімді, достық пен татулықты нығайту, саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, энергетикалық, экологиялық және басқа салаларда мүше мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық орнату, өңірде бейбітшілікті, қауіпсіздікті және тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірлесе әрекет ету. Сондықтан да аталған отырыста есірткіге қарсы сұранысты төмендету, есірткіні насихаттау үшін қолданылатын мүмкіндіктерді шектеу айтылып, бұған қоса есірткіге қарсы күресте үкіметтік ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің әлеуетін пайдалану жөнінде нақты ұсыныстар жасалды.Кездесуге қатысушылар медициналық-әлеуметтік оңалтудың толыққанды жүйесін қалыптастыру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде халықтың нашақорлыққа салыну деңгейін анықтау арқылы есірткіге тәуелділерді есепке алу жүйесін жетілдіру, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде нашақорлыққа әлеуметтік ауру мәртебесін беру жөнінде нақты ұсыныстар айтты. Сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің есірткінің жаңа түрлерін анықтау мәніне есірткі нарығына мониторинг жүргізу және нақты профилактикалық шараларды қабылдау бойынша бірлескен іс-қимылдардың үйлестіру тетіктері талқыланды.Сөйтіп, осының арқасында қол жеткізілген уағдаластықтар осы отырыстың хаттамасында көрсетілді және бұдан әрі ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құзыретті органдары басшыларының кеңесінде қаралатын болды. Отырыста қабылданған шешімдер ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде есірткіге қарсы сұранысты төмендетудің тиімді кешендік жүйесін қалыптастыру мақсатында құзыретті органдардың есірткінің заңсыз айналымына қарсы жұмысын үйлестірудің неғұрлым жоғары деңгейіне қол жеткізуге және нашақорлықтың алдын алуды жетілдіруге мүмкіндік береді, деп есептейді Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің өкілдері.Александр ТАСБОЛАТОВ,«Егемен Қазақстан».