Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:14
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жыл басынан бері облыста сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты 98 дерек анықталыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 оқиғаға артық. Қаржы полициясының қызметкерлері қалалық аумақтық инспекциясының инспекторын қарбызды тексермей, лабораториялық сараптамадан өткізбей карантиндік тексеру актісін бергені үшін пара алу күдігі бойынша ұстаған. Жүйелі түрде пара алып отыруды «дағдыға» айналдыру дерегі бойынша инспектордың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
Сәрсенбі, 12 желтоқсан 2012 7:14
Облыстық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, жыл басынан бері облыста сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты 98 дерек анықталыпты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 оқиғаға артық. Қаржы полициясының қызметкерлері қалалық аумақтық инспекциясының инспекторын қарбызды тексермей, лабораториялық сараптамадан өткізбей карантиндік тексеру актісін бергені үшін пара алу күдігі бойынша ұстаған. Жүйелі түрде пара алып отыруды «дағдыға» айналдыру дерегі бойынша инспектордың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ал облыстық ІІД жол полициясы қызметінің инспекторы қысқа уақытта көлік жүргізуді үйретіп, көлік жүргізу куәлігін бергені үшін 65 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталуда. Екібастұздың мердігерлік ұйымының директоры 2008-2010 жылдар аралығында мемлекеттік «Ауыз су бағдарламасы» – «Павлодар облысының Шідерті кентінде су жабдықтау және су бөлістіру жүйлерін қайта қалпына келтіру» бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде жалған құжаттар жасап, 106 миллионнан астам теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырған. Сот мердігерге қатысты бұлтартпау шарасын қолданып, үйқамаққа алды.
Фарида БЫҚАЙ,«Егемен Қазақстан».ПАВЛОДАР.