• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Қарағандыда рэпердің басын жарды

465 рет
көрсетілді

Қарағандыда біреулер рэпер Владислав Федотов дегенді соққыға жығып, басын жарып кетті.

Рэпер кешкісін көтеріңкі көңіл күйде үйіне қайтып келе жатқанда, жанына тоқтай қалған «Lada» маркалы автокөліктен түскен үш жігіт оны соққыға жыққан. Нақтырақ айтқанда, темір құбырмен басынан бірнеше мәрте ұрғылаған. Соққының салдарынан рэпердің миы шайқалып, басынан ауыр жарақат алған. Қазір ол емханаға қаралып жүр.

Зардап шегушінің таныстарының айтуынша, бұл оқиғаның түп-тамыры Владислав Федотовтың шығармашылығында жатқан болуы әбден мүмкін. Өйткені, жергілікті жастар арасында Fuckyourfeel псевдонимімен танымал 21 жасар рэпердің соңғы баттл-өлеңдері құлаққа түрпідей тиетін боғауыз сөздерге толы болған.

Қазіргі уақытта бұл оқиғаға қатысы бар күдіктілер анықталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Egemen Qazaqstan»

Қарағанды