• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Наурыз, 2019

Қаза болған 13 әскери қызметшінің сегізі Алматы облысында туған

509 рет
көрсетілді

«Ми-8» әскери тікұшағының бортында болған жауынгерлердің есімдері анықталды.

«Алтын жебе» әскери оқу-жаттығу ойындарына қатысу үшін әуеге көтерілген тікұшақ кеше Қызылорда облысының аумағында апатқа ұшығараған болатын. Бүгін қаза болған 13 әскери қызметшінің сегізі Ақтау қаласындағы әскери бөлімде қызмет ететін жетісулық азаматтар екені белгілі болды. Алматы облысынан әскерге шақырылып, азаматтық борышын өтеген марқұмдардың тізімі төмендегідей:

Майор Тимур Құдайбердиев, Ақтау қаласындағы № 30153 әскери бөлімге 2004 жылы Еңбекшіқазақ ауданынан шақырылған. Үйленген 2 баланың әкесі. Марқұмның отбасы Талғар ауданынның Кеңдала ауылында тұрады. .

Сержант Қайрат Нұрсапанов,1993 жылы Алакөл ауданынан әскерге шақырылған. Үйленген, 2 баланың әкесі.

Аға сержант Мұрат Шәріпов, әскер қатарына 1997 жылы Алакөл ауданынан шақырылған. Марқұмның артында  4 баласы қалды.

Кіші сержант Асхат Абдулманат, әскерге 2010 жылы Талдықорған қаласынан аттанып, Ақтау қаласында борышын өтеп жүрді. Отбасында 3 баланың әкесі еді.

Ефрейтор Мирас Жұматаев,  Мирас Алмасович, 2011 жылы Талдықорған қаласынан әскерге шақырылып, Ақтаудағы №30153 әскери бөлімде қызмет етті. Үйленбеген.

Ефрейтор Қуаныш Сарқытбаев, Кербұлақ ауданының тумасы,  Қуаныш Мейрамғалиұлы, ә/б 30153 Ақтау қаласы. 2007 жылдан бері Ақтаудағы №30153 әскери бөлімде қызмет етіп келді. Марқұмның артында 2 баласы қалды.

Ефрейтор Айдын Абдилдинов, Талдықорған қаласында туып-өскен, 1999 жылдан бері әскери қызметкер болған. Үйленген, 2 баланың әкесі.

Лейтенант Аслан Айтбаев , әскерге Іле ауданынан шақырылған.

Бүгін оқиғаға орай жедел кеңес өткізген Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қаза болғандардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтып, шейіт кеткен сарбаздардың отбасына метериалдық көмек көрсетілетінін айтты. «Ми-8» әскери тікұшағы апатынан қаза болған жетісулық әскери қызметшілердің денесі туыстарының қалауымен туған жеріне, ертең жер қойнына тапсырылды.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы