• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2012

Сотталушы келтірген айғақтар мәлім етілді

411 рет
көрсетілді

Сотталушы келтірген айғақтар мәлім етілді

Бейсенбі, 6 желтоқсан 2012 7:21

Талдықорған қалалық сотында әскери қызметші   В.Челахтың ісі бойынша ашық сот процесі жалғасуда. 5 желтоқсанда мәжіліске сотталушының бірден ҚР ҚПК-ның 71-бабына сәйкес сот тағайындаған 3 адвокаты: С.Сәрсенов, С.Эстияров және Ж.Саржанова келді.

Сот мәжілісіне процеске қа­ты­су­дан үшінші рет бас тартқан В.Че­лах­ты әкелу қамтамасыз етілді. Төра­ға­лық етуші судья Е.Ахметжанов оған соттың сот­та­лу­шыдан жауап алуға көшетінін ескертіп, адвокатпен сөй­ле­суіне және айғақтар беруіне дайын­далуы үшін уақыт берді.

Осыдан соң сотта зардап шегушілер И.Сисенов, А.Саринов және А.Әмір­ға­лиев­тердің тағы да үш өкілі сөз сөйлеп, моральдық шығынды қалпына келтіру үшін жалпы сомасы 65 миллион теңге талап-арыздар берді. Бұл өтініштер, та­рап­тардың келісімімен, одан әрі шешім табуы үшін іс мате­риал­дарына тігілді.

Күннің екінші жартысында сот­та­лу­шы Челах тағы да сот залына жеткізілді. Бұл жолы ол айғақтар беретінін, бірақ процеске қатысушылардың сұрақтарына жауап қайтарудан үзілді-кесілді бас тар­татынын хабарлады. Өз сөзінде сот­талу­шы әскери мүлікті жойғанын, отты қару­ды заңсыз иемденгенін және алып жүр­генін мойындады.

Сотталушының сұрақтарға жауап беруден бас тартуы қаза тапқан сол­дат­тар­дың туыстарының ашу-ызасын тудырды. Бұл жолы Челах тағы да өзін сот залы­нан шығаруды талап етіп, сотталушыға арналған орын-жай­дан шығып кетпек болды. Жасақ В.Челахты камераға алып кетіп, одан арғы талқылау сотталушысыз жал­ғасты.

Судья Е.Ахметжанов жиналған­дарды тыныштыққа шақырып, одан соң мәжі­ліс­ті жалғастырды және тергеу бары­сын­да берген Челахтың ай­ғақтарын оқып бер­ді.

Қазақстан Республикасы

 Әскери сотының баспасөз қызметі.