Мамандардың сөзінше, тексеріс қағазында 13 тармақ бар.
«Оның ең негізгілерін атап өтер болсақ, жолдар мен жол жиектеріне, тротуар мен арықтардың тазалығына, қоқыс төгетін алаңдарға аса мән беріледі. Себебі қыс бойы қараусыз қалған маңдарға қоқыс жиналып қалды. Осы бағыттар бойынша апта сайын аудандарды аралайтын боламыз. Ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары мен өзен арналарына да жіті назар аударамыз», – дейді Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының бас маманы Александр Сергеев.
Арнаулы мамандар тексеріс нәтижесінде анықталған лас жерлердің тізімін әкімдіктегілерге жіберіп отырмақ. Енді аудан басшылары жерасты және жерүсті өткелдері мен жөнсіз жарнамалар жарияланған аялдамалар үшін де жауап беретін болады.
Алматы Орталық Азиядағы ең көгалды қалалардың тізімінде. Қазіргі таңда мегаполис аумағын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.