Сәрсенбі, 25 қаңтар 2012 6:15
Жуырда Ақтөбе облысының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы заңсыз жасырын жұмыс жасап тұрған ойынхананы анықтап, көлеңкелі бизнестің жолын кесті.ІІД қызметкерлеріне облыс орталығында Әлия Молдағұлова даңғылындағы үйлердің пәтерінің бірінде заңсыз ойын автоматтарының залы жұмыс жасайтындығы туралы жедел ақпарат түскендіктен осы мәліметтің анық-қанығы тексерілді. Жедел іздестіру шаралары барысындағы прокурор санкциясы бойынша нысанды тінту кезінде 14 ойын автоматтары, 1 электрондық рулетка және 93700 теңге ақша тәркіленді.
Сәрсенбі, 25 қаңтар 2012 6:15
Жуырда Ақтөбе облысының ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы заңсыз жасырын жұмыс жасап тұрған ойынхананы анықтап, көлеңкелі бизнестің жолын кесті.ІІД қызметкерлеріне облыс орталығында Әлия Молдағұлова даңғылындағы үйлердің пәтерінің бірінде заңсыз ойын автоматтарының залы жұмыс жасайтындығы туралы жедел ақпарат түскендіктен осы мәліметтің анық-қанығы тексерілді. Жедел іздестіру шаралары барысындағы прокурор санкциясы бойынша нысанды тінту кезінде 14 ойын автоматтары, 1 электрондық рулетка және 93700 теңге ақша тәркіленді. Бұл кезде оператор, бармен және күзетші, сонымен қатар, 3 құмар ойыншы нысан ішінде болған. Алдын ала тергеу барысында ойынхана нысанында ойнаушы азаматтар ойын автоматтарын ойнар алдында пәтерге келмес бұрын бір-бірімен телефон арқылы келу уақыттарын келісіп алатын болыпты. Пәтердегі ойынхана күндіз-түні үзіліссіз жұмыс жасап, көшеден кірер есікке арнайы бейнебақылау орнатылған. Бір тәулікте түсетін ойынхана клубының табысы 200-400 мың теңге екен. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 269-шы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Мәди ҚУАНЫШҰЛЫ.