• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 02 Сәуір, 2019

Жастар саясатында науқаншылдыққа жол бермеу керек – Президент

620 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» және «Айқын» газеттеріне берген сұхбатында жастар саясатын тиімді ұйымдастырудың қажеттігін атап өтті.

«Жастар саясатында, жастар тәрбиесінде науқаншылдыққа, тиімділігі төмен  шараларды ұйымдастыруға жол бермеу керек. Сондықтан, кез келген шараны ғылыми негізге сүйеніп, жүйелі түрде  жүзеге асырғанымыз жөн. Жастардың алға қойған мақсат-мүдделерін білу үшін науқаншылдық емес, нақты зерттеулер қажет» деді Президент.

Сондай-ақ жастар саясатын жүйелі әрі кешенді түрде жүргізудің маңызына тоқталды.

«Жүйелі әрі  кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізу арқылы  жастардың мұң-мұқтажын, мақсат-мүдделерін анықтап, жастар саясатын сол қажеттіліктерге жауап беретін деңгейде ұйымдастыру маңызды. Біз жастарға білім беруді алдыңғы қатарға қоямыз. Тек білім ғана емес, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісін де басты назарда ұстау керек» деді Қ.Тоқаев.