• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2012

Бірлік жібі үзілмейді

346 рет
көрсетілді

Бірлік жібі үзілмейді

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:09

Қазақстан Республикасы­ның Бас Прокурорының Жа­ңа­өзен оқиғасына қатысты теларналар арқылы жасаған мәлім­де­месінің маңызы зор. Бұл жө­нінде таратып көп әңгіме ай­ту­ға болады. Соның ең бастысы – еліміздің ынтымағы мен бірлігіне қандай да бір сызат түсіруге жол берілмейтіндігі, жарасты өмірі­міз­дің асыл құндылықтары көз­дің қарашығындай сақталатын­ды­ғы дер едім.

Жаңаөзен оқиғасы тәртіп­сіз­ді­гінің себептері жекелеген адам­дар­дың тойымсыздығы мен аш­көз­дігінің салдары екендігі ашып көрсетілді. Жұ­мыс беруші­лер­дің қыр­сыз­ды­ғы­­нан, жаны ашы­ма­сты­ғы­нан ту­ын­даған қатыгез­дік мемлекеттік мүд­де­мізге қас­тан­дық екендігі мәлім. Жетіс­тік­теріміз­дің жемісін жалпақ елден жы­рым­дау, игілік қорымызға арсыз­дықпен қол салу заңдарымызда да, адамдық пайымда да кешірілмес күнә саналады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзен оқиғасына терең де қатаң зерттеу мен тергеу амал­да­рын жүргізуді талап етуі, істің мән-жайын халыққа ашық әрі бүк­песіз жеткізуді міндеттеуі, оны сәт сайын қадағалап отыруы мемлекеттік ұстындарымыздың бе­ріктігін дәлелдейді. Бұл Пре­зи­дентіміздің елді ұйыстырудағы орасан зор қызметін айшықтап, қо­ғам мүшелерінің консти­ту­ция­лық құқықтарына кепілдік беретін сенімді тұлға екендігін көр­се­те­ді. Сондықтан да қолға алын­ған шаралар Жаңаөзен төңіре­гінде шектеліп қалмайды, оның са­бақтары баршамызды ойға қал­дырып, толғандыратыны анық.Арамызда тіршілігіміздің шырқын бұзу ниетіндегілер, арандатуға бас-көзсіз еретіндер барлығы жанға батады. Әйткенмен, еліміздің ортақ ниет, достық пен ынтымақ шуағымен ширатыла шыңдалған бірлік жібі ешқашан үзілмейді. Оған біздің заңдарымыз, жасампаз халқымыз жол бермейді.Берік БЕРКІМБАЕВ, Ақмола облыстық сот  актілерін орындау департаментінің бастығы.Ақмола облысы.