• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 02 Сәуір, 2019

Қ.Тоқаев: Көпвекторлы саясат – Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық бағыты

1011 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі мен «Айқын» газетінің Бас редакторы Нұртөре Жүсіпке сұхбатта Қазақстанның стратегиялық бағытын айтып берді.

«Көпвекторлы саясат – Қазақстанның географиялық орналасуынан, геоэкономикасынан туындайды. Бұл – ұзақ мерзімді стратегиялық бағыт. Тәуелсіздік алғаннан бастап Елбасы осы жолды ұстанды. Бұл стратегияның нәтижесінде біз мемлекетаралық қақтығыстардан, аймақтық текетірестерден алыс болдық. Әлем бізді бітімгер мемлекет ретінде таныды. Бітімгерлік миссиясы бүгінде еліміздің сыртқы саясатының басымдығына айналды. Қазақстанды Азиядағы бейбітшілік платформасы деп айтуға толық негіз бар» деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Қазақстан өзінің сыртқы саясатында Ресей, Қытай, Еуропа, АҚШ, Орталық Азия, Ислам әлемі елдерімен ынтымақтастыққа баса мән беретінін атап өтті.

«Қазақстан тәуелсіздік жылдарында біршама интеграциялық үдерістерге бастамашы болды. Бұл бағытта дәстүр сабақтастығы сақталады, саясатымыз өзгермейді. Көпвекторлы стратегия алдағы уақытта да Қазақстан дипломатиясының басым бағыты болып қала береді», деді Қ.Тоқаев.