• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Сәуір, 2019

Түркістан: Б.Саттарханов даңғылын кеңейту жұмыстары басталды

360 рет
көрсетілді

Түркістанның кіре беріс қақпасын қаламен жалғап жатқан, ұзындығы 5 шақырымды құрайтын Бекзат Саттарханов даңғылын 6 жолақты етіп кеңейту жұмыстары басталды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2019 жылдың наурыздың соңғы күндері басталған жолды кеңейту жұмыстары екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңде 3 шақырым жол кеңейтіліп, шілде айының соңында пайдалануға беріледі, ал екінші кезеңде қалған 2 шақырымы кеңейтілетін болады. Бұл жұмыстардың барысында жолдың ені 18 метрге кеңейтіледі. Жол құрылыс жұмыстарын жүргізетін «ДорСтрой» фирмасымен қосалқы мердігер «Ақжол» ЖШС-і. Жалпы Б.Саттарханов даңғылын кеңейту жұмыстарын ағымдағы жылдың қазан айында аяқтап, ел игілігіне беру жоспарланған.

Сонымен қатар Түркістанның Бас жоспары мен жол кеңейту жұмыстарына сәйкес Б.Саттарханов даңғылының бойындағы, бірнеше кәсіпкерлік нысандар мен тұрғын үйлер мемлекет мұқтаждығы үшін алынатын болады.