• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2012

Тәртіпке бас иген құл болмайды

968 рет
көрсетілді

Тәртіпке бас иген құл болмайды

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:15

Бас Прокурордың мәлім­де­месі арқылы Жаңаөзен қала­сын­да орын алған оқиғаға қа­тысты тергеу жұмыстарының жан-жақты және мұқият жүр­гізіліп жатқанына көз жеткіздік. Бұл – тұтас ел болаша­ғына, әрбір адам тағдырына деген үлкен жауапкершілікті түсіну деп білеміз.«Бір жоқты бір жоқ табады», деген. Жаңа­өзен­дегі тәртіп­сіз­дік­тің салда­рын тер­геу ба­ры­сын­да жергілікті би­лік ба­сын­да­ғылар­дың жем­қор­лығы да ашы­лып, жаға­мыз­ды ұстатып отыр. Қала бас­шы­лығы тұр­ғын­дар мен жұ­мыс­шы жас­тар­дың әлеуметтік жағ­дай­ын дұрыстап, көкейкесті мә­се­лелерін дер кезінде шешудің орнына, оларға арнайы бөлінген қаржыны өздерінің бас пай­да­сы­на жаратып, беймарал жүріпті.

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:15

Бас Прокурордың мәлім­де­месі арқылы Жаңаөзен қала­сын­да орын алған оқиғаға қа­тысты тергеу жұмыстарының жан-жақты және мұқият жүр­гізіліп жатқанына көз жеткіздік. Бұл – тұтас ел болаша­ғына, әрбір адам тағдырына деген үлкен жауапкершілікті түсіну деп білеміз.«Бір жоқты бір жоқ табады», деген. Жаңа­өзен­дегі тәртіп­сіз­дік­тің салда­рын тер­геу ба­ры­сын­да жергілікті би­лік ба­сын­да­ғылар­дың жем­қор­лығы да ашы­лып, жаға­мыз­ды ұстатып отыр. Қала бас­шы­лығы тұр­ғын­дар мен жұ­мыс­шы жас­тар­дың әлеуметтік жағ­дай­ын дұрыстап, көкейкесті мә­се­лелерін дер кезінде шешудің орнына, оларға арнайы бөлінген қаржыны өздерінің бас пай­да­сы­на жаратып, беймарал жүріпті. Осы­ның өзі-ақ жергілікті билік­тің өңірдегі әлеуметтік мәсе­ле­лерді шешуге жүрдім-бардым қарағанын көрсетеді.

Батыр Бауыржан Момышұлы атамыз халқына арнап: «Тәр­тіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды», деген үлкен өсиет қалдырған екен. Бұл сөз, қай кезеңнің адамдары үшін де аса қымбат, аса қадірлі. Әсіресе, тәуелсіз Қазақ елінің шаңырағы биік, керегесі кең және тұғыры берік болуы үшін өте қажет.Сондықтан ел азаматтары, жас­тар және жергілікті билік ба­сындағы лауазым иелері Жаңа­өзен оқиғасынан дер кезінде та­ғы­лым-тәрбие ала білсе дейміз.Рахия ТҰРМАХАНБЕТОВА, Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы.Тараз.