• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2012

Оқиға оятқан ой

408 рет
көрсетілді

Оқиға оятқан ой

Жұма, 27 қаңтар 2012 7:17

Кеше газетте Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Бас Прокурорының 2011 жылғы 16 жел­тоқсанда Жаңаөзен қа­ла­сында орын алған оқиғаға қатысты мәлім­демесі жарияланғаны белгілі. Со­ған байланысты редакцияға еліміз өңір­лерінен көптеген пікірлер келіп түсуде. Олардың негізгі айтар ойы мен маз­мұны Жаңаөзендегі тәртіпсіздік се­беп­терінің жан-жақты терең зерттеліп жатқанына разылық, бұл оқи­ға­дан сабақ алу қажеттігі, Елбасының осы проблеманы шешудегі ерекше рөлі, жұ­мыс берушілердің жауапкершілігі, заң­ды­лықтың сақталу қажеттігіне келіп саюда.

___________________________________ХАЛЫҚ ҚАШАНДА ӘДІЛДІК ЖАҒЫНДАБұрнағы күні Қазақстан Республикасы Бас Про­ку­ро­ры­ның 2011 жылғы 16 жел­тоқсанда Жаңаөзен қаласында орын алған оқиғаға қатысты мәлімдемесін теледидардан тың­дадым. Онда аталмыш шаһардағы Тәуелсіздік мерекесін тойлау кезінде орын алған жаппай тәртіпсіздікке байланысты тергеу жұмыс­та­ры­ның барысы жан-жақты ай­тыл­ды. Тыңдап отырып, еріксіз ойға қалады екенсің.Жаңаөзендегі тәртіпсіздікті ұй­ымдастырғандардың аттары ата­лып, олар заң жүзінде жауап беріп жатыр екен. Бұған дейін бар­шаны алаңдатқан келеңсіз­дік­ке байла­ныс­ты Елбасының Маң­ғыстау өңі­ріне сапарынан соң ха­лықтың жа­бырқаған көңілі сәл болса да ба­сыл­ған­дай болады маған. Осыдан-ақ еліміздегі қа­ра­пай­ым халықтың тағдыры мен мұң-мұқтажы қашанда Президент наза­рында еке­ніне көз жеткізсек, енді мә­­се­ле­нің ақ-қа­ра­сы жіпке тізгендей анықтал­ғалы отыр.Қылмыстық оқиғаға байла­нысты заң орындары жүргізген ал­дын ала тергеу барысында көп­те­ген мәселелердің беті ашыл­ға­ны оған дәлел болады. Қақтығыс кезінде қаза болғандар мен жа­ра­қат алғандар саны, суық қаруды қолданудың заң ауқы­мын­да болу, болмауы нақты­ла­ну­да. Сонымен қатар ондағы ішкі істер басқар­ма­сының кейбір қыз­мет­кер­ле­рі­нің лауазымдық өкі­лет­тілігін асы­ра пайдалану жайы да дәйек­те­ліп, қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны тергеу амал­да­рының нақтылығын айғақтайды.Мұнайшылардың жұмыстан заңсыз босатылуы мен тұрғын­дарға әлеуметтік қолдау көрсету­ге арналған қорды жымқыр­ғандардың да есімдері аталыпты. Осыған қарап, халықтың ашу-ызасын тудырған мәселелердің негізін тапқандай боласың.«Халық келіп, кеткенді сый­ламайды, иіліп қызмет еткенді сыйлайды», деген ғой. Міне, жап­пай тәртіпсіздікті ұйымдас­ты­рып, ғимараттарды өртеп, тонағандар және көпшіліктің игілігіне қол сұққандар әйгіленді. Бұл әрине өкінішті. Демек, тергеу әділ басталып, оның соңы кінәлілердің заң алдында қатаң жазалануымен аяқталатыны сөз­сіз. Кім де болсын өз әрекетіне қарай жауап беруі тиіс. Бұл менің көпті көрген адам ретіндегі пікірім.Жолсейіт МОЛДАСАНОВ, Еңбек Ері.Алматы облысы.