• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
02 Сәуір, 2019

1,2 мыңнан астам үй жануары құтырмаға қарсы егілді

563 рет
көрсетілді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің апта сайынғы отырысында фитосанитарлық және ветеринарлық қауіпсіздік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Төлеген Құлышевтің айтуынша, наурыз айының басынан елордада құтырмаға қарсы 1 220 үй жануары егілген.  «2019 жылдың бірінші жартысында құтырмаға қарсы 2 600 ит, 1000 мысықты егу және сібір жарасына қарсы 350 бас қара мал, 1300 қой-ешкі, 410 бас жылқыны егу жоспарланып отыр», - деді Т.Құлышев. Айта кеткен жөн жыл басынан бері қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына қала тұрғындарынан түскен өтініштер негізінде 1 194 қараусыз қалған жануарлар ауланып, ит, мысықтар уақытша ұстау баспанасында жеткізілген. Қазір онда 554 ит пен 30 мысық бар.

Бұдан басқа, қараусыз қалған иттер мен мысықтардың  санын азайту мақсатында осы жылдың маусымы мен желтоқсаны аралығында 1 800 жануарды зарарсыздандыру  жоспарлануда.