• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
10 Наурыз, 2010

ЕҚДБ өкілі Жамбылға келді

729 рет
көрсетілді

Еуропа Қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстан бойынша директоры Майкл Вайнстин Жамбыл облысына келді. Онымен бірге банктің Астана өкілдігінің басшысы және ЕҚДБ өнеркәсіп секторының адъюнкт банкирі болды. Сапар барысында банк пен әкімдік арасындағы келешектегі іскерлік мүмкіндіктер қаралды. Атап айтқанда, агроөнеркәсіп пен энергетика, жаңа қуат көздері мен оның тиімділігін арттыру бойынша жобалар қарастырылды. Сондай-ақ, коммуналдық шаруашылық, өндіру саласында инфрақұрылым­дар­ды дамыту, жеңіл және ауыр мәшине жасау, қайта өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс пен туристік саладағы жобалар да назарға алынды. Директор аталған салалар бой­ынша инвестициялық жобаларға банк­тің қатысу бағыттары жөнінде ақпарат беріп, облыс әкімдігі ұсынған жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендігін жеткізді. Кездесу қоры­тындысы бойынша облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен ЕҚДБ-ның Қазақстан бойынша директоры Майкл Вайнстин сапар хаттама­сына қол қойды. Жамбыл облысы. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.