Қазақстан құрамасы стенд атудан Дохада (Қатар) өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бірнеше жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Элеонора Ибрагимова, Анастасия Прилепина, Наргиза Сарманова ел қоржынына алтын медальді салды. Олар үздік нәтижені – «трап» бағдарламасында көрсетті.
Сонымен қатар, «трап» дисциплинасында отандық мергендер жекелей сында нәтиже көрсетті. Максим Бедарев пен Элеонора Ибрагимова күміс жүлде иеленді.
Мергендеріміз Азия додасында 5 медаль жеңіп алды
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық құрама «скит» түрінен 2 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алған.