• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2012

Нақты шаралар кешені

250 рет
көрсетілді

Нақты шаралар кешені

Сенбі, 28 қаңтар 2012 7:41

Қазақстан Рес­­пуб­ли­­­касының Пре­­­­­зиденті Н.Ә. Назар­баевтың «Әлеу­­мет­­­­­тік-экономикалық жаң­­ғырту – Қазақ­стан да­муы­ның басты бағыты» атты Жолдауында негізгі он бағыт бойынша нақ­ты шаралар ке­шені ұсы­нылды. Әл­­еу­меттік-эко­но­микалық жаңғырту мен индус­трия­лық-инно­вация­­лық жобалар қолға алынып, ши­кі­затты өндіру мен ин­фрақұ­ры­лымды жетілдіру салаларында көпте­ген кең көлемді жобалар жүзеге асырылады.Жолдаудың негізгі бағыттарының бірі – сот және құқық қорғау жүйелерінің қызметін же­тілдіруге байланысты болды. Елбасы: «Судьялар сот төрелігін заңды әрі өзінің ар-ожданын басшылыққа алып жүзеге асыруы қажет», дей келе, сот қауымдастығын қалыптастыру тәртібін түбегейлі өзгертуді тапсырды.

Қазіргі күні еліміздің сот жүйесі халықтың сотқа деген сенімін нығайтып, сот төрелігін бі­лікті әрі кәсіби жүзеге асыра алатын тұлға­лар­дың судья ретінде тағайындалуына бағыт­тал­­­ған қадамдар жасауда. Судьялыққа, сот сала­сын­дағы басшылық лауазымдарға үміт­керлерді іріктеу жүйесі жаңартылды, сыбайлас жем­қор­лық оқи­ғаларының алдын алу мақсатындағы ша­ралар кешені тұрақты түрде жүзеге асырылуда, Қазақстан Республик­а­сындағы 2012-2016 жылдарға арналған сот білімі стратегиясы дайындалды. Сонымен қатар, электрондық сот жү­йе­сі енгізіліп, дауларды сотқа дейінгі аралықта шешу институты да нәтижелі қызмет етіп келеді.Ағымдағы жылдың басында еліміздің сот құрылымы мен сот өндірісіне өзгерістер мен то­лық­тыруларды көздеген заң жобалары Парламентпен мақұлданды. Аталған заң жобаларына сай, жергілікті соттар сот жүйе­сіндегі ерекше орынға ие болып, ал істерді жаңа сот талқылауына қайта жолдау институты жойылады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты заңда көрсетілген процес­суал­дық дең­гей­де жергілікті соттардың қызметін қадаға­лап, сот тәжірибесі мәселелері бойынша түсіндірме жұмысын жүргізетін болады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сот жүйесі алдына қойған мақ­­саттарды сапалы орындау үшін сот қауым­дас­ты­ғының әрбір өкілі өзінің жоғары жауап­керші­лі­гін сезіне отыра, тұрақты түрде білік­тілігін арт­­тырып, қызметін одан әрі жетіл­діретін болады.Бектас БЕКНАЗАРОВ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы.