• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Әдебиет 03 Сәуір, 2019

Жас қаламгерлерге жаңашылдық керек

713 рет
көрсетілді

Жастардың талабына табалдырық болатын жақсы жылда жас қаламгерлеріміз, жас аудармашыларымыз, жас сыншыларымыз мемлекет тарапынан үлкен қолдауларға ие болып, әлемдік аренаға бет түзей бастағанын жалғыз әдебиетшілер ғана емес, қоғамның кез келген мүшесі күтіп жүргендей. Себебі, әдебиет – ұлттың ұстыны, қоғамның барометрі. Жыл жастардыкі болғанымен, әдебиеттің айнасындағы мәселелердің барлығы ескі. Шешілмеген шетін сұрақтар, тарқатылмаған түйіндер осынау арнайы бетте талқыланып, таразыланады. Әдебиеттегі қасаң қағидалар мен бұзылмайтын бөгеттерді қазақтың жас қаламгерлері ертең-ақ жарып өтетіні сөзсіз. Үстіміздегі жыл сол бағытқа баспалдақ болса дейміз.

Бүгінде қазақ жастары ұлттық әдебиетімізді әлемге қалай танытуы мүмкін деген сұрақ желдей еседі. Әрине, егер қазақ әдебиеті әлемде репутациясы бар әдебиет бол­са, қазақ жастарының шығармаларын аудару деген мәселе де жеңілдер еді. Бірақ қазақ әдебиеті дәл қазір әлемде орыс, жапон, не Латын Америка әде­биеті секілді танымал емес. Де­мек, қазақ әдебиетіне бола қа­зақ тілін үйренетін аудармашылар, университеттерде қазақ әде­биетін аудару ерекшеліктерін жә­не қазақ тілін үйрететін профес­сорлар, қазақ тілінен (ғана) ау­дарылған ең үздік аудармаға та­ғайындалған сыйлықтар, т.б. «танымал» әдебиеттерде бар артықшылықтар қазақ әде­бие­тінде жоқ. Бірақ, бір айтатыны, қазақ әдебиеті көпшілікке мүл­дем жаңа әдебиет. Демек, қа­зақ жастары елдегідей қазақ клас­сиктерімен, аға буынмен салыс­тырылмайды. Бейімбет Майлин де, Мұхтар Мағауин де, Мақсат Мәлік те әлемдік аудиторияға бей­таныс, сондықтан олардың бә­рін теңдей қабылдайды.

Аударма деген, әрине, түп­нұс­қадай бола алмайды, бірақ шы­ғар­маның шын бағасын өлшейтін бір құрал деуге болады. Біздегі әдеби сынның кейбір өкілінде әлі күнге дейін «тілі шұрайлы» де­ген мақтау алда жүреді. Ал шы­ғар­маны аударғанда сыртқы сипа­ты, «шұрайлылық» шетке ысы­рылып, шығарманың өзге, іш­кі, әдеби сипаттары алға шыға­ды. Көп мақтаулы дүниелер, ау­дарылғанда қаңғырлаған бос шелек болып қалатыны сол, қа­лам­герлердің сұлу сөзді қуалап кетуі­нен болса керек. Демек, қа­зақ әдебиетінің әлемде танымал емес­тігі жастар үшін қолайлы да: оларды ешкіммен салыстырмайды және шынайы әдебиет бәсекесіне түседі.

Қазақ жастары әдебиеті әлем­дік аренаға неге шыға алмай жатыр деген мәселе, ең ал­ды­мен, қа­зақ жастары ағыл­шын (не өзге шет тілдерін) мең­геруі керек. Мы­салы, өзбек жазу­шы­сы Хамид Исмаилов алды­мен тіл үйренді, сосын Лондон­ға көшті, сосын ағылшын тілі­нен өзбек тіліне және өзбек тілі­нен ағылшынға әдеби аудар­ма жасады. Оның алғашқы ро­ман­дарының ағылшын тіліне аудармасын Роберт Чандлер, Эндрю Бромфилд секілді таны­мал аудармашылар орыс тілінен ағыл­шын тіліне аударды. Ал соң­ғы романын ағылшын тілінде сөй­лету үшін Дональд Рэйфилд де­ген танымал аудармашы жә­не орыс әдебиеті профессоры өзбек тілін үйренді. Сөйтіп, Ис­маиловтың өзбек тілінен ауда­рылған романы (Devil’s Dance, 2018) халықаралық сыйлықтарға ие болып, баспалардың қызы­ғушы­лығын тудыруда. Екінші­ден, жастарға барынша шетел­де оқу, не тұрып көру керек. Он күн саяхат сананы өзгертпейді, шетелдік тәжірибені көргеннен кейін ғана жаңаша ойлау мүм­кін. Мысалы, басқаны былай қой­ғанда, қазіргі қазақ әде­бие­ті сүйенетін гендерлік ұғым-түсі­ніктерді алайық. Олар Батыста ескірген болып саналады.

Мәселен, Тұманбай Молда­ға­лиевтің «Әйел сенің ақылшың» атты өлеңін оқыған ағылшындар «бұл неткен сексистік көзқарас, бір-екі ғасыр бұрынғы Англияға қайта оралғандаймыз» деп шал­қасынан түсті. Қазақтың көп шы­ғармаларында, қазақ әйелдерінің жанына үңіліп, мәртебесін кө­тереді делініп келгендердің өзін­де, шындап қарасақ, осы сек­систік көзқарастың құлағы қылтиып тұрады. Мұндай ойлаумен Батысты таңқалдыру тұрсын, қызықтыру, олардың симпатия­сына ие болудың өзі мүмкін емес. Қазір «Толстой деген кере­мет жазушы екен» деп жаппай аударып, жаппай оқитын ғасыр емес. Қазір сол Толстойдың «Ан­на Каренинасының» өзін «Та­маша жазушы екен, бірақ пат­риархалдық қоғамның көзқа­ра­сымен ойлайды екен, Каренинаны өлтіретіні сондықтан» деп талдау жасайды. Егер сіздің айтатын ойыңыз адамзаттың алған бағытына сәйкес келмесе, тамаша әдебиетіммен таңқалдырам деудің өзі әбестік, бүгінгі таңда. Жас жазушылар Батыстағы идео­логиялық тартыстарға біржақты ғана «азғындаған» деп лейбл жап­сыратын кейбір аға буын өкіл­деріндей үрке қарамай, сол тар­тыстардың ортасында болса, саралап, өздері үшін саналы таң­дау жасайтын деңгейге өсетін еді. Бұл, әрине, күллі батыстық ұғым-түсініктерді айнытпай сіңі­ру емес, не нәрсе шынында біз­дің ұлт­тық құндылығымыз, ұлт­­тық ерек­шелігіміз, ал не нәрсе адам­­зат да­муының бұрынғы саты­лар­ын­да барлық ұлттарға тән бол­ған дүние дегеннің ара-жігін ажы­рату.

      Әсия БАҒДӘУЛЕТҚЫЗЫ