• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Мердігерлер Қарағанды жолдарындағы ақауларды қалпына келтіреді

520 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов облыстық Қоғамдық кеңес алдында сөз сөйледі. Басты мәселелердің бірі – жолдардың жағдайы. Өңір басшысы атап өткендей, жақын арада жөндеу жұмыстарынан кейін әлі де кепілдікте тұрған жол учаскелеріндегі ақаулар жойылуы тиіс.

Соңғы екі жылда өңірде 2000 шақырымнан астам жол жөнделді. Оның ішінде облыстың ірі қалаларындағы барлық негізгі көшелеріндегі жолдар қалыпқа келтірілген. Қарағандыда тек өткен жылдың өзінде 70 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Қоғамдық кеңес мүшелері қазіргі таңда тұрғындар елді мекендердегі жолдардың жағдайын сынға алып жүргенін атап өтті. 

- Қарағандылықтардың жол жөндеу жұмыстарына қатысты барлы наразылықтары дұрыс. Кепілдік қызмет көрсету туралы еске салғым келеді. Біз мердігер ұйымдарды кепілдік бойынша өз міндеттемелерін орындауға міндеттейміз, - деп атап өтті Ерлан Қошанов. 

Облыс әкімі ақауы бар жол учаскелерін атады. Ол Сәтбаев, Гоголь, Космонавтар көшелері, Восток 1-2-3 ықшам аудандарындағы, 12 ықшам аудандағы айналма жолдар. Сондай-ақ Совхозная, Ленин, Менделеев, Гудермесская, Б. Момышұлы, Махметов, Сатыбалдин, Прогресс, Крылов, Баженов көшелері, Б. Жырау және Республика даңғылдары.

- Ауа-райының қолайлы болған бетте, онда жөндеу жұмыстары басталады, - деді аймақ басшысы.

Осы жазда Қарағандыда Құрылысшылар даңғылында екі жылдық жөндеу жұмыстары аяқталады. Өткен жылы су құбыры және жылу желілерінің бір бөлігі ауыстырылды. Қазір нөсер кәріз жүйесі салынуда. Ал күн жылыған кезде жұмысшылар асфальтбетонды, жиек тастарды ауыстырып, техникалық жауя жүргіншілер жолын жасап, жарықтандыру орната бастайды. Барлық жұмыстар күзге қарай аяқталуы тиіс.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Майқұдықтағы К. Маркс және Магнитогорская көшелеріндегі жолдың бір бөлігін жөндеу туралы жоспарларымен бөлісті. Бұл жолдарда шұңқырларды бітеу жұмыстарымен ғана шектеліп қоюға мүмкін емес, сондықтан жаяу жүргіншілер жолдары, су ағарн кәріздері, жарықтандыру және жол қиылысы жүйелерін жаңартуды қарастыратын жөндеу жұмыстарының жобасы құрылды. Аталмыш жұмыстар биылғы жылы басталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 2019 жылы 7 магистральға ағымдағы жөндеу жүргізлуі тиіс. 

Қазір Қарағандыда 166 жол кепілдендірлген мерзімде (2016 жылы – 25 көше, 2017 жылы – 71 көше, 2018 жылы – 70 көше). Шұңқырлар, жарықтар, жол жабынының жоғарғы қабатының бұзылуы 19 учаскеде пайда болды. 

Бүгінгі таңда барлық кепілді жолдар тексерілді. Барлық мердігерлік ұйымдарға анықталған ақауларды жою бойынша ұйғарымдар берілді. Жөндеу жұмыстары 20 сәуірден кейін басталады.