• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Сәуір, 2019

Шымкенттегі туризм бизнесі Түркияның стандарттарымен жүргізіледі

611 рет
көрсетілді

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Данат Жұмин мен Анталиядағы Туризм академиясының ректоры Зафер Биккеноглумен болған кездесу барысында айтылды.

Қос тарап кездесу барысында осы саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Әрі, үшінші мегаполистің туризм саласы мен қызмет көрсету сапасын дамыту үшін жоғары оқу орындарындағы туризм мамандығындағы студенттер біліктілігін арттыруға келісті.

Туризм ұлттық экономиканы дамытудың жаңа драйверіне айналуы тиіс екенін айтқан қала әкімінің орынбасары Шымкентте туризмді дамыту үшін жақсы климаттық шарт-жағдай мен сапалы қызмет көрсету мүмкіндіктері бар екендігіне тоқталды.        

Тараптар биылғы жылдың мамыр айында Шымкентте туризм және шағын бизнес, қонақ үйлер, мейрамханалар мен қызмет көрсету құрылымдарының өкілдері үшін бірлескен семинарлар мен мастер кластар өткізу туралы өзара  келісімге келді.