• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Руханият 03 Сәуір, 2019

Алматы ән мерекесіне толғатып жатыр

785 рет
көрсетілді

Ертең Алматыдағы Қазақ мемлекеттік филармониясында «XVII Халықаралық джаз мерекесі, Алматы, Қазақстан, 2019» жыл сайынғы музыка фестивалі ашылады. Іс-шара ұйымдастырушылары – Алматы джаз мектебінің директоры Тагир Зарипов және жоба продюсері Қарлығаш Макатова.

Фестивальдің ашылу күнінде Польшадан келген Крыстын Станько триосы (Krystyna Stanko) және Түркиядан келген Ондер Фоджан жетекшілігімен FunkBоok  бэнді өнер көрсетеді. Францияның әншісі Princess Jorge және Израильден келген Гай Минтус (Guy Mintus) триосы фестивальдің екінші күнінде өнер көрсетеді. Ал Германиядан келген Three fall триосы және Австриядан келген Kusimanten іс-шараның үшінші күні өнер көрсетеді.

Джаз мерекесінде екінші мәрте Венгриядан Пели Барна (Pely Barna) және АҚШ-тан Миша Цыганов (Misha Tsiganov) фестивальдің соңғы күнінде өнер көрсетеді. Сондай-ақ, гала-концертті белгілі американдық саксофоншы Рэй Блу (Ray Blue) өз өнерімен қуантпақ. Ол Алматы джаз бэндімен бірге жеке бағдарламасымен шығады.  Концерттер Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармония залында 4-7 сәуір күндері өтеді. Билеттердің сатылымы www.ticketon.kz порталында ашылды. Концерттерден кейінгі джейм сейшндер Harat’s  және Hard Rock Café кафелерінде өтеді (кіру тегін). Фестиваль бағдарламасында джаз мектебіндегі музыканттардың қатысуымен дәстүрлі шеберлік сабақтары өтеді. Джаз мектебінің оқушылары Тагир Зариповтың жетекшілік етуімен АҚШ-та және басқа да елдерде бірталай мәрте өнер көрсетіп, музыка саласындағы сыншылардың жоғары бағасына ие болған. Джаз мектебі 2001 жылдан бастап қызмет етіп келеді.

Биылғы фестиваль Алматы қаласы Әкімдігінің, фестивальге қатысушы елдердің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларының, «Француз альянсы» және ««Гёте институтының» қолдауымен өткізілуде. Мерекенің серіктестері ретінде UNESCO, сондай-ақ, Польша, Түркия, Израиль, Франция, Германия, Австрия және Венгрия Сыртқы істер министрліктері ат салысып отыр.

ЮНЕСКО бас директоры Одри Azoulay және ЮНЕСКО еркін ерік елшісі Херби Хэнкока 2019 жылдың бағдарламасында Халықаралық джаз күні деп жариялады, аталмыш күн Австралияда іске қосылып, бүкіл әлем бойынша 190-нан аса елде атап өтіледі. 

2011 жылы ЮНЕСКО еркін ерік елшісі Херби Хэнкоканың бастамасы бойынша ЮНЕСКО Бас конференциясымен бекітілді және де Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас ассамблеясымен танылған. Халықаралық джаз күні джаздың диалогты орнату, кемсітуге жол бермеу және адам абыройын қолдаудағы маңызды рөлін ерекше атап өте отырып,  30 сәуір күні бүкіл әлем бойынша джаз өнерін тойлау үшін елдер мен қауымдастықтардың басын қосады.

Жобаның бас демеушісі – Түрік әуежелілері. Сондай-ақ, фестивальді Эфес компаниясы, Қазақстан қонақ үйі, Америка сауда палатасы, FIDELITY денсаулық клубы, MOLGROUP, Kelet,  Intellservice Devikа,  Harat’s, Mad Murphy’s Irish Pub, Karaoke Bar, Hard Rock Cafe қолдады. Фестивальдің ақпараттық серіктестері – ASPANDAU ғылыми-білім қоры, Қазақстан Баспасөз клубы, «Классик» радиосы, «Деловой Казахстан» және «Курсив» газеттері, Еуразия мәдениет қоры, Almaty Life порталы, «Меломан» компаниясы және  Starbucks.