Ауа-райын зерттеуші мамандар 4-8 сәуір аралығында Алматы тұрғындарына қар көшкіні қаупіне байланысты таулы аймақтарға бармауға кеңес береді. Бұл күндері тауға шыққан жағдайдың өзінде барынша абай болған жөн.
«Сәуірдің бастапқы онкүндігінде жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуынан және алда болатын жауын-шашынға байланысты Үлкен Алматы су алабында (2100 метр биіктікте) қар көшкіні жүруі мүмкін»,- деп ескертеді синоптиктер.
Қар көшкіні тау беткейінен жылжитын қар массасы. Табиғаттың бұл тосын мінезі 15 градустан көп, қар қалыңдығы 30-35 сантиметрден асатын таулы аудандарға тән.