• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Сәуір, 2019

Гүлшара Әбдіқалықова Рудный қаласындағы оқу орталығында болды

713 рет
көрсетілді

Үкімет делегациясы Қостанай облысына жасаған сапарының екінші күні Рудный қаласына келді. Мұнда алдымен Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің кадрларды оқыту орталығына ат басын тіреді.

Оқу орталығы кен алыбының ең негізгі тіректі нысандарының бірі. Мұнда келген Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаевқа Кадрларды оқыту орталығы директорының міндетін атқарушы Илья Порхоменко жүріп жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. 

«Біздің орталықта жұмысшылардың біліктілігін арттыру, жұмыстағы техникалық сақтандыру, жарақат алудан сақтану, көшбасшылыққа баулу секілді барлығы жеті бағытта оқытамыз. Орталықта барлық жағдай бар, техникалық жарақтандырылған. Өткен жылы орталық 51600 маманды қайта окытып шығарды», деді Илья Порхоменко. 

Үкіметтің жұмыс тобының мүшесі Бердібек Сапарбаев жұмысшылардың айлық жалақысын сұрады.

«Орташа айлық жалақы 220 мың теңге. Ал экскаваторлар жоспарды орындағанда 320 мың теңгеге дейін алады. Ең бастысы, айлық жалақы ешқандай кешікпейді, уакытында беріледі. Жұмысшылар барлық әлеуметтік пакетке ие болады», деді Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі Кәсіподақ комитетінің төрайымы Татьяна Шерстобитова.

Бұдан соң, Гүлшара Әбдіқалықова жұмысшыларға еңбекте сәттілік тіледі.