Сәрсенбі, 28 наурыз 2012 7:23
Қазақстан қоғамы және халықаралық қауымдастық ерекше назар аударған көптен күткен Жаңаөзен оқиғасы бойынша сот отырысы басталды.
Сот көпшіліктің алдында ашық, айқын өтуде. Оған қазақстандық және шетелдік журналистер мен сарапшылар қатысуда.

Жанжал шығарушылар жаппай тәртіпсіздік жасауға байланысты жауапқа тартылғаны белгілі. Олар көп дүниені бүлдірді. Демек, мұндай әрекеттер үшін қандай елде болмасын қылмыстық жауапқа тартылады.
Өйткені, қандай да бір игілікті мақсатқа заңсыздық жолымен қол жеткізу мүмкін емес. Біздің Ата Заңымыздың 12-бабында, адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарда көрсетілгендей, адам құқын қамтамасыз ету өзге біреудің құқын таптау арқылы жүзеге асырылмауы керек. Сондықтан да кез келген адам шеруге шығар болса, ол, ең алдымен, тыныштықты, тәртіпті сақтап, бүлдіру, қиратулардан аулақ болып, өзгенің құқын ойлауы тиіс.
Сонымен қатар, бұл процесті саясиландырудың қажеті жоқ. Менің пікірімше, мұндай қоғамдық бақылаудағы сот отырысы ашық та әділ өтеді.