• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Сәуір, 2019

Қазақстан мен Қытайдың кедендік әкімшілік мәліметтері неліктен екі бөлек?

1137 рет
көрсетілді

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төраға орынбасарының міндетін атқарушы Қуат Рахымов Қазақстан мен Қытайдың кедендік әкімшілік мәліметтері неліктен екі бөлек екенін түсіндірді

 «Иә, 2017 жылы Қытай Халық Республикасымен айналы статистиканың  ара-жігі 7 млрд долларды құраған еді. Біз өткен жылдың соңында да, осы жылы да бірнеше рет Қытайға барып, әріптестерімізбен кездестік. Әлбетте, неліктен осыншама айырмашылық барын іздедік. Егер 7 млрд туралы айтар болсақ, бұл сома шынында да, өте ауқымды сан», – дейді Қуат Рахымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуына қарағанда, кездесу барысында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері қытайлық тараптың әдістемесін білмек болған. «Біздің анықтағанымыздай, олар Қазақстан аумағы арқылы тасымалдайтын жүктердің бәрін, яғни Еуроодақ елдеріне, Ресейге, Беларусь елдеріне жіберілетін тауарлардың бәріне қатысты мәліметтерді – Қазақстанға жасалған экспорт деп қарайды екен. Әлбетте, бұл ретте бізде ешқандай кемшілік жоқ деп айтып отырған жоқпын. Әрине, шындыққа сай келмейтін декларацияға, бағаны қадағалау тұрғысынан сұрақтар бар. Мәселен, жыл басынан бері Қазақстан – Қытай шекарасындағы тауарларға маңыз беріп келеміз. Шекарадағы қадағалау қызметін күшейттік. Көптеген жүктерді тексеріп жатырмыз. Пост-кеңестік аудитке қатысты сұрақтар туындаған 60 компанияны анықтадық», – дейді ол. Қуат Рахымов атап өткендей, 2019 жылдың бірінші тоқсанында 1700 тонна тауардың күмәнді декларацияланғаны анықталған. 

Алматы