• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2012

Қызметке адалдық

411 рет
көрсетілді

Қызметке адалдық

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:37

Құқық қорғау саласында аттестация жүргізу ең білікті ма­мандар­ды даралайтындығы сөз­сіз. Ал ондай жандар қазірдің өзінде арамызда айқындалып жүргені белгілі. Мәселен, Ақтау стансасындағы ішкі істер желі­лік бөлімінің көші-қон полиция тобында жалғыз ғана әйел тәртіп сақшысы бар. Ол – тү­бекке келіп-кетіп жүрген шет­ел­діктердің аяқ алысын бақы­лап, заң бұзғандарды анық­тай­тын аға инспектор, полиция майо­ры Гүлсім Қалдыбаева. Қа­рама­ғын­дағы үш инспектормен бір­лесе жұмыс істеп, биыл жыл басынан бері көші-қон заң­на­ма­сын бұзған 52 фактіні тіркеді.

Өзі ежелгі қазақ даласы Орынборда туып, Ақтөбе өңі­рін­де өсіп, білім алып, еңбек жо­лын бастаған. Ішкі істер желі­лік бөліміндегі қызметін 2001 жылы Оралда кадр бөлімі­нің аға инспекторы ретінде бас­тап­ты. Негізгі мамандығы эко­но­мист-ұйымдастырушы бола тұра, темірдей тәртіп пен қырағылық, қашанда төтенше жағдайларға сақадай сай болуды талап ететін бүгінгі қызметіне келгеніне еш өкініші жоқ. «Өміріме қауіп төндіретіндей жағдайлар менің басымнан өткен емес, құдайға шүкір. Бірақ біз мамандығы­мыз­ға сай өзімізді және өзге­лерді қорғау үшін қашанда дай­ындық үстінде жүреміз. Мә­селен, айына бір рет ТИР-ға ба­рып тапанша атуға жаттығамыз. Жетісіне бір рет Маңғыстау се­лосындағы, Ақтау қаласындағы спорт кешендеріне барып, дене шынықтырумен айналысамыз. Қашанда қызметімізге сай үнемі ширақ, сергек жүру үшін мұның бәрі де қажет. Сондай-ақ білім жетілдіру, кодекстер мен нормативтік құқықтарға енгізіл­ген өзгерістер туралы да хабардар болып, оны өзімізге жазып қойып отырамыз. Бұл ертеңгі аттестациялау кезінде қажет болады», – дейді аға инспектор. Бейнеуге, Болашақ станса­ла­ры­на дейін жолаушылар пойыз­дарына тексеру жүргізетін аға инспектор халықпен жұмыс істеу әрі қызықты, әрі қиын­ды­ғы қатар екенін айтады. Өйт­кені, елдің ортасында жүріп, олар­­дың арасында түрлі тағдырлы жандарды көресің. Солардың бәрімен тіл табыса отырып, өз қызметіңді мінсіз атқару керек.

Райхан РАХМЕТОВА.

Маңғыстау облысы.