• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Сәуір, 2019

Қостанайда аутизммен ауыратын балаларды қолдау шарасы өтті

1020 рет
көрсетілді

Баласы «аутизм» диагнозымен туған ата-аналардың «Stop autism» қоғамдық ұйымы «Амалия» бейімдеу орталығымен бірлесіп, облыста бірінші рет автомарафон өткізді.

Рульге отырған мүгедек балалардың ата-аналары көлігіне ақ жалауша және «Stop autism»  логотипін және «Шексіз әлем» сөздерін жапсырып алды. Олар алған бағыт Қостанай қаласының бір шетіндегі «Астықжан» супермаркетінен шығып, орталық Абай даңғылымен жүріп отырып, Гагарин көшесіне бұрылып, қаланың екінші шетіндегі «Қостанай-плаза» супермаркетіне тоқтады. Автомарафонға аутизмнен зардап шегетін балалардың 40 ата-анасы қатысты.

«Бұл шараны облыста бірінші рет қолға алдық. Ондағы мақсатымыз жерлестеріміздің назарын аутизм проблемасына аудару болды. Бізге балалар мен ата-аналар қажетті көмегін алатын Қолдау орталығы керек. Марафоннан кейін концерт болды, содан түскен қаржымен Аутизм пробемасы бар адамдарды қолдау орталығын ашу жобасы басталды деп есептейміз.Оған қайырымдылық көрсеткісі келетіндер болса, реквизитімізді береміз» дейді аутизм балалар ата-аналарының «Stop autism» қоғамдық ұйымының төрайымы Шынар Жалмұхамедова.

Қостанай облысында аутизм диагнозымен туған 150-ден аса бала бар. Әр ата-ананың оларды қатардан қалдырмай дамытуға, өздері де ақпараттар алып отыруға мүмкіндіктері жоқ. Шынар Викторқызының айтуынша, олар ашуға талаптанып жатқан Орталық көп мәселені шештін болады.