• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
14 Сәуір, 2012

Кезектен тыс аттестаттауға әзірлік қалай?

380 рет
көрсетілді

Кезектен тыс аттестаттауға әзірлік қалай?

Сенбі, 14 сәуір 2012 7:45

Мемлекет басшысы 2012 жылы 8 сәуірде «Қазақстан Рес­пуб­ликасы құқық қорғау орган­дарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізу ту­ралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл орайда Ішкі істер министр­лігінде қандай жұмыстар атқа­ры­лып жатқандығы туралы ха­барласқан едік. Бізге Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметі­нің жетекшісі Н.Ораз аталған мә­селе бойынша ішкі істер ор­ган­дарында қызу жұмыс қол­ға алынғанын хабарлады.

Енді ішкі істер орган­дары­ның қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізу кезінде аттестаттаудан өтушінің қыз­меттік жұмысына, сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы заңнаманы сақ­тауына баға берілетін болады.

Жалпы, республика бойынша кезектен тыс аттестаттаудан 70 мыңнан астам полиция қыз­мет­керлері өтеді.

Қазіргі уақытта министрлік­те кезектен тыс аттестаттауды өткізуге дайындық іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Соның ішінде «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкер­ле­рін кезектен тыс аттестат­тау­ды өткізуді ұйымдастыру ту­ралы» Ішкі істер министрі бұй­рығының жобасы әзірленді, онда  кезектен тыс аттестаттауды өт­кізу жөніндегі әдістемелік ұсы­­­нымдарды, комиссиялардың құрамдарын өткізу кестесін, Қа­зақстан Республикасының заң­­­на­маларын білуге компью­тер­лік тестілеу үшін сұрақтар тіз­бесін, жауынгерлік, қыз­мет­тік және дене шынықтыру даяр­лықтары бойынша нормативтер тізбесін бекіту көзделген.

Бұл ретте ішкі істер орган­дары­ның барлық аумақтық бө­ліністеріне дайындық іс-шар­а­ла­рын өткізу, яғни тестілеу өт­кізу үшін компьютерлік құрал­дар­ды дайындау, жеке кабинеттер (сыныптар) бөлу ту­ралы, сондай-ақ жауынгерлік, қыз­мет­­тік және дене шы­нық­тыру даяр­лығы бойынша сынақ­тар қа­был­дау үшін жағдайлар жасау туралы тиісті нұсқау жіберілді.

Жалпы, ішкі істер орган­да­рын­дағы аттестаттау одан өтуге жататын қызметкердің ел заң­на­маларын білуіне, дене шы­нық­тыру, жауынгерлік және қыз­меттік даярлық жөніндегі бел­гіленген нормативтерді тап­сы­руына, дәрігерлік қаралудан өте алуына байланысты болмақ. Бұдан кейін тиісті аттестаттау комиссиясының мүшелерімен әңгімелесу мен шешім шығару қалады.

Александр ТАСБОЛАТОВ.